|
Бейсенбі күні, аудан әкімдігінің мәжілістер залында жетінші сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы болып өтті. Аудандық мәслихат депутаты Аслан Айтбековтің төрағалығымен өткен кезектен тыс сессияның күн тәртібіне екі мәселе қаралды.
 Сессияға ұсынылған күн тәртібі мен регламенті бірауыздан бекітілген соң, "2021 – 2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Байзақ аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №77 – 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндама жасады. Бұдан кейін күн тәртібіне сәйкес, «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 18 наурыздағы
|
|
Обновлено 16.04.2021 19:11 |
|
Толығырақ...
|
|
18 сәуір – Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне орай «Туған жерім - тұнып тұрған шежірем» тақырыбында іс-шара өтті.
 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылған шара, кеше, аудандық тарихи - өлкетану музейінен бастау алды. Музей қызметкері Айнагүл Мамытбекова алдымен музейдің тарихына тоқталды. Музей бес экспозициялық залдан құралғанын атап өтіп, онда қойылған құнды жәдігерлерге шолу жасады. Бұдан соң шара қатысушылары ауданның кіреберісіне
|
|
Обновлено 16.04.2021 19:07 |
|
Толығырақ...
|
|
Ересектер мен жасөспірімдерден құралатын медиация орталығының идеясы – жанжалдасқан тараптардың дауларын шешу арқылы татуластыру болып табылады. Қоғам дамуында экономикалық, ұлтаралық, әлеуметтік шиеленістің өсуіне байланысты даулы тараптар арасындағы өзара қарама-қайшылықтарды тиімді шешу жолында мектепте медиация кабинетін ашу жұмыстары ауданда өз жалғасын табу үстінде.
 Кеше, Түймекент ауылдық округінде орналасқан Түймекент орта мектебінде медиация кабинеті ашылды. Енді медиаторлар ата-ана мен бала, мұғалім мен оқушы арасындағы түсініспеушіліктердің түйінін дер кезінде тарқатып отырады. Алдымен дөңгелек үстелде орта мектептер директорларының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бұған дейін білім беру орындарында ашылған медиация кабинеттерінің жетекшілері мен
|
|
Обновлено 16.04.2021 19:04 |
|
Толығырақ...
|
|
Биыл тәуелсіздігімізді алып, егемен ел атанғанымызға 30 жыл толады. Осы уақыт аралығында Қазақстан төрткүл әлемге танылып, дамудың даңғыл жолына түсті. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде елімізде қыруар тірліктер атқарылды. Бұл жылдары тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата Заңымыз, ұлттық валютамыз және жаңа елордамыз дүниеге келді. Ел экономикасы нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі өсе түсті. Жыл сайын Елбасының, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталып отыр. Ынтымағымыз бен бірлігіміздің арқасында әлемдік пандемияны да жеңетін боламыз. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы бостандыққа ұмтылды, аянбай күресті. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан әлем алдында өз Тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен қазақстандықтардың бірлігі арқылы
|
|
Толығырақ...
|
|
1998 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта аудандық “Ауыл жаңалығы” - “Сельская новь” газетінің редакторы қызметін мінсіз атқарған, қарымды журналист, іскер басшы болған Сапар Нұрмаханұлы Қалмұратов дүниеден өтер алдында редакцияға “Айтылмаған сөз жетім” атты мақаласын әкеліп тапсырған болатын. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі көтерілген мақаланы оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Редакция ұжымы.
“Айтылмаса сөз жетім” деді атам қазақ. Бүгінгі таңдағы сан түрлі құбылысты, күрмеуі мүшкіл қиын заманда болашақ жас ұрпақ тәрбиесі ақсап тұрғаны ешкімге де жасырын емес. Тәрбиенің басы отбасынан басталатыны, оған қоса ата-бабаларымыз ұстанып келген ұлттық салт-дәстүріміз, ғұрып-әдетіміз ғасырлар бойы үндесіп келе жатқан діни түсінігіміздегі: ...көре тұра, біле тұра айтпау, тіл қатпай үнсіз қалу да күнәға жатады деген ұғым қолға
|
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 1111 1112 1113 1114 1115 1116 1117 1118 1119 1120 Келесі > Соңғы >>
|