Онлайн газет



ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС КОМИССИЯСЫНДА

«Nur Otan» партиясы Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аумақтық қоғамдық кеңестер Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын және «Nur Otan» партиясы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Жол картасы» шеңберінде жүйелі бақылауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Бұл туралы дүйсенбі күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақованың жетекшілігімен өткізілген аудандық партия филиалы жанынан жаңадан құрылған қоғамдық кеңестердің алғашқы басқосуында кеңінен сөз болды.  Шолпан Қайратқызы еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты

Обновлено 19.05.2021 15:46
Толығырақ...
 
ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – МӘРТЕБЕЛІ МІНДЕТ

Қазіргі таңда ел басқаратын тұлғаларға жаңа талаптар қойылуда. Бұдан  бес ай бұрын Дихан ауылдық округіне әкім болып тағайындалған Жұман Абдуалиев - қолынан іс келетін,  туған өлкесін көркейту үшін білімін, күш-жігерін, жұмсайтын азамат. Бүгінде халықпен етене жұмыс жасап жатқан  Жұман  Әуесбекұлына жолығып, тұрғындар алдында тұрған түйінді мәселелерді қойған болатынбыз.

-Жұман Әуесбекұлы, ауылдың әлеуметтік- экономикалық жағдайын көтеру,  халықтың тұрмыс дәрежесін жақсарту-басты міндет. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға

Обновлено 19.05.2021 15:26
Толығырақ...
 
ДАУЛАСҚАНҒА ДАУА БАР МА?

Бұрынғылар «Дауласқанға дауа жоқ» деген екен. Мұндағы астарлы ойда, адал адам айыпты болса, кінәсін дауласпай-ақ мойындайтыны білдірілген. Өйткені, айыбын мойындамай дауласқан адамға дауа жоқ екені бесенеден белгілі.
Ендеше, байқап қарасаңыз, бұл сөз бұрынғы заманға емес, нақты қазіргі кезеңге қарата айтылған секілді. Себебі, жасыратыны жоқ, бүгінде не көп, дауласушы жан көп. Нақтырақ айтқанда, құқық қорғау органдарына, басқа да адам құқын қорғайды-ау деген мекемелерге жолданған арыз-шағымдар жыл сайын


артып келеді.
АҚШ-та, Германияда, Францияда және т.б. шетелдерде дауласушылар біздің елдегімен салыстырғанда, яғни жалпы тұрғындар санына шаққанда әлдеқайда аз. Себебі, оларда әлеуметтік-тұрмыстық күй жоғары, соған сай сотқа дейінгі бітімге келтіру институттарының жұмысы жолға қойылған. Яғни, даудың туындауы секілді ықтимал жанжалдардың алдын алу шаралары жүзеге асырылған. Халыққа көрсетілетін тиімді қызмет түрлері тұрмысты жақсарта түседі. Жұрттың заң сауаттылығын көтеру, құқықтық мәдениетті арттыру жоғары деңгейде жүргізіледі. Бір сөзбен айтқанда, халық үшін ғана жасалған жағдай адамдардың жүйкесін тоздыратын мәселелерді жойып, олардың бір-бірінің құқын сақтаушылық, құрметтеушілік, сыйлай алушылық қасиеттерін тудырады.
Тараптар арасындағы түйткілдің сот арқылы шешілуі орынды дегенімізбен, өзара түсінісіп, бір бітімге келуге болатын ұсақ-түйек даулардың сотқа дейін жетуі мақтанып айтатын көрсеткіш емес. Жоғарғы Соттың кеңейтілген жиынында мәлім болғандай соңғы төрт жылда соттардың жүктемесі үш есеге артқан. Соның салдарынан, бүгінде 2 млн. адам бір-бірімен дауласып, сот әуресімен жүр.
Дауласушылардың осылайша бір-біріне «артықтығын», «осал еместігін», «мықтылығын», бірақ «намысы тапталғандығын» көрсетуі сот алаңында да жалғасын табуда. Қай тарап болса да оппоненттерін тұқыртып жіберуге кіріседі. Бұл, жоғарыда айтқанымыздай, тараптарды тығырыққа тірейді.     Атам заманнан қара қылды қақ жарған қазақтың ақсақалдары ауыл-аймақтың жер, жесір, қарымта секілді даулары мен тартыстарын айқай-шусыз, әділ шешіп отырғанын тарихтан білеміз. Бүгінгі заманда екі жақтың ісін насырға шаптырмай шешетін бітімгерлеріміз-медиаторлар. Бұлардың ерекшелігі бұрыңғы билерден айырмашылығы шешім шығармайды, дауласқан екі жақтың татуласуына ерікті түрде келісімге келуіне дәнекер болады.
Әрине, істердің соттың құзырына жетпей, соттан тыс медиациялық жолмен шешілуі судьяларға тиімді екені рас. Сот жүктемесінің азаюы судьялардың уақытын үнемдеп, назарын неғұрлым күрделі істерге аударуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жүктеменің төмендеуі судьялардың ізденуіне жағдай туғызады. Шындап келгенде, дауды сотқа жеткізбей шешу көпшіліктің өзіне анағұрлым қажет.
Сондықтан, дауласқан жандарды сотқа дейін-ақ бітімге келтіріп, татуластыру жолын тауып, бітімгершілік жобасын жүзеге асыру қажет. Әйтпесе бара-бара не болмақ, жоғарыда айтқанымыздай бұл жаман әдетке бой үйреніп, сүйекке сіңсе қайтып арылу мүмкін емес. Болашақ ұрпақтың бірлігін қазіргі кезден ойлаған дұрыс. Қазақ халқының бойынан кішіпейілділік, кешірімділік, жығылғанға жұдырық жұмсамау, қиналғанға қол ұшын беру, иілгенге иілу, құрметтеу секілді ізгілікті қасиеттердің іздері әлі жойыла қойған жоқ. Тек соған қозғау салар әділ де адал реттелетін заңды тетіктерді таба білу қажет.
“Дау  мұраты – бітім” - демекші, ағайын тату-тәтті өмір сүргенге не жетсін?!

 

Дәулет Қалтай,
аудандық соттың бас маманы.

Обновлено 19.05.2021 15:25
 
ТАРИХТАН – ТАҒЫЛЫМ, ӨТКЕННЕН - ӨНЕГЕ

Туған ел деп тер төксең, еңбегің бағаланып, құрметке бөленеді екенсің. Мамыр айының 18-інде 81 жасқа толған мен қайнаған еңбектің қазанында шынығып өстім. Осы жасқа келгенше талай қиындықты да, қуанышты да көрдік.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласында  “Біз не істесек те, бәрін келер ұрпақ үшін жасаймыз. Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен

Толығырақ...
 
ҮЛЕС ҚОСУДАМЫЗ

Туған жердің табиғаты мен дарқан даласы кімге болмасын ыстық қой. Қарақалпақстаннан туған жеріме, тарихи Отаныма қайта оралдым. Сарыкемер мектеп-гимназиясына кіші қызметкер болып жұмысқа орналастым. Мектеп директоры Гүлмира Есентаеваның басшылық етуімен және мектеп ұжымының үлес қосуымен мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.
Мектеп іші мен ауласын көгалдандыруға үлкен мән берілуде. Бұл оқушылардың қоршаған ортаны қорғау мен табиғатқа қамқорлық жасау сезімін

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1101 1102 1103 1104 1105 1106 1107 1108 1109 1110 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін642
mod_vvisit_counterКеше4303
mod_vvisit_counterОсы аптада4945
mod_vvisit_counterӨткен аптада42886
mod_vvisit_counterОсы айда58168
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4420326

Серіктестер