Онлайн газет



ВАКЦИНАЦИЯ

Обновлено 23.06.2021 11:40
 
ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ ЖЕТКЕН ЖЫЛУ

Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты жәрдем. Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі және ізгіліктің анық көрінісі болып есептелетін қайырымдылық жасау-әркімнің өз қалауы, бұл міндет емес.Өйткені қамқорлық жасау қайырымды қоғамның қағидасы. 

Әлеуметтік аз қамтылған топтарға жәрдемдесіп отыруды, олардың әл-ауқатын жақсартуды бүгінгі қоғам өз алдына міндет етіп қойып отыр.Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді.
Жақында Көптерек ауылы аумағында 100 гектар жерге құс фабрикасын салуды жоспарлаған «Алель Агро»

Обновлено 23.06.2021 11:31
Толығырақ...
 
ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ - БАСЫМ БАҒЫТ

Әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиынды аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов ашып, келген қонақтарды таныстырды.

Алғашқы сөзді алған ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова  ұрпақ тәрбиесі, ұлттық тәрбие, обал-сауап, ұят, отбасы құндылығы жөніндегі ойын айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы

Обновлено 21.06.2021 12:08
Толығырақ...
 
ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Кеше, Медицина қызметкерлері күні қарсаңында аудан әкімі Бақыт Қазанбасов денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін қабылдап, құрмет көрсетті.
Аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы әлемде түрлі мамандық бар екендігін, оның ішінде дәрігер мамандығы мәртебелі де ардақты екендігін айтты. Әсіресе , пандемия кезінде ақ желеңді абзал жандардың ерен еңбегін атап өтіп, ауданымызда халық саны артып келе жатқандығын, туу көрсеткіші де өсіп отырғандығын жеткізді. Жылына бір рет келетін

Обновлено 21.06.2021 11:53
Толығырақ...
 
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ БАСТАЛАДЫ

Үстіміздегі жылдың 25 мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және сайлау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге қол қойғаны мәлім. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Байзақ аудандық сайлау комиссиясының ұйытқы болуымен «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» облыстық семинар – кеңес болып өтті.
Аудан орталығы Сарыкемер ауылында әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде санитарлық талаптарға сәйкес өткізілген жиынға облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, бірқатар тиісті бөлім басшылары, облыстық, аудандық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары мен мүшелері қатысты.
Серғали Айдапкеловтің төрағалығымен өткен семинар – кеңес барысында әкімдердің тікелей сайлауын өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері, сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру, науқанды қаржыландыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық сүйемелдеу мәселелері қаралды. Мәселелер ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауға байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып қаралды.
Семинар – кеңес бағдарламасына сай, Байзақ аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Абдан Төлепбергенов «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері», «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуге қатысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына түзетулерді іс жүзіне асыру туралы», «Әкімдерді сайлау мәселелері бойынша түзетулерді іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының заңға тәуелді актілері туралы» баяндамаларын жасады. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық  округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі мен өзара іс – қимылы туралы» сөз қозғаса, Меркі ауданы сайлау комиссиясының хатшысы Гулмира Далиева «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау құжаттары нысандарының жобалары» жайлы баяндап берді. Ал, аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Кеңесбек Мурзабеков «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс – шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарының жобасы туралы», аталмыш комиссия хатшысы Рабиға Анарқұлова «Ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлау науқанын қаржыландыру мәселелері» жайында хабарлама жасады. Басқосуда сұрақ-жауапқа кезек беріліп, өзара пікір алмасқан кеңес қатысушыларына әдістемелік ойын ұйымдастырылды.
Кеңес барысында Серғали Өмірзақұлы сайлау жүйесінің және сайлауды ұйымдастыруға тартылған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың алдында тұрған үлкен міндеттерді толыққанды заңнамаға сәйкес өткізуді қамтамасыз ету барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерінен құзыреттілікті, жұмыстарының үйлесімділігін ерекше талап ететінін жеткізді.
- Жергілікті атқарушы органдарға сайлаушылармен сайлау өткізуде біраз міндеттер жүктелген. Біріншіден - сайлау рәсімдерін мүлтіксіз сақтап, сайлауды заңнамаға сәйкес өткізуді қамтамасыз ету. Екіншіден – сайлау күні санитарлық нормаларды сақтау мәселесіне айрықша көңіл бөлу. Үшіншіден, сайлауға қатысатын сайлаушылардың тізімін айқындау және нақтылау жұмыстарының дұрыс болуы. Төртіншіден, сайлаушыларды тасымалдау мәселесі мен үйде дауыс беретін сайлаушыларды қамту мәселесіне жіті назар аудару. Соңғысы, әлеуметтік – саяси ахуалдың тұрақтылығы, - деді Серғали Өмірзақұлы.
Бұған қоса шарада «Пандемия жағдайында ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлауын өткізу туралы» аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы  басшысының міндетін атқарушы Айдын Қалматаев, «Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» жөнінде аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова, «Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау барысында сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету туралы» аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова баяндады.
Семинар соңынан оған қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

 
<< Бірінші < Әуелгі 1081 1082 1083 1084 1085 1086 1087 1088 1089 1090 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1182
mod_vvisit_counterКеше2798
mod_vvisit_counterОсы аптада3980
mod_vvisit_counterӨткен аптада43019
mod_vvisit_counterОсы айда61506
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4423664

Серіктестер