Онлайн газет



“ПАРЛАМЕНТТІ РЕФОРМАЛАУ, БҰЛ – СЕНАТТЫ ТАРАТУ ДЕГЕН СӨЗ ЕМЕС”

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМА ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Құрметті жиынға қатысушылар!
Бүгін біз Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысына жиналдық. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада арнайы Жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым. Бүгін, міне, бірінші отырысымызда Парламенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері бар. Бәрі де елге танымал азаматтар, түрлі саланың мамандары. Тағы да қайталап айтқым келеді: Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей

Обновлено 17.10.2025 13:41
Толығырақ...
 
ЖҮГЕРІНІҢ ӘР ГЕКТАРЫНАН 72,0 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛЫНУДА

Биылғы жылы аудан бойынша 2140 гектарға дәндік жүгері егілген еді. Бүгінде аудан әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша 1950 гектар жердің жүгерісі жиналып, одан 14040 тонна өнім алынды. Ал бұл әр гектардан алынған өнімнің  72,0 центнерден айналғанын көрсетіп отыр.
Аудандағы 17 ауыл, ауылдық округтер жүгеріні түгелдей ексе, олардың 11-і жиын-терінді ойдағыдай аяқтады. Олардың арасында

Обновлено 17.10.2025 13:37
Толығырақ...
 
АВТОБУС ПАРКІ 24 КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ

Тараз қаласына сыйымдылығы 90 орындық 24 жаңа автобус жеткізілді.
Тараз қаласы әкімдігінің мәліметінше, сатып алынған автобустардың 14-і №50 бағытта қызмет көрсетеді. Бұл бағыт Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер ауылынан басталып, «Ауыл-Береке» базары, Төле би, Жамбыл даңғылдары, Сүлейменов, Тұрысов, Шостакович және Б.Момышұлы көшелерін қамтиды. Автобустардың қозғалыс жиілігі-13 минут.
Ал қалған 10 автобус №3 бағытта жүреді. Бұл бағыт Шайқорық, Танты алқаптарынан басталып, «Ұлы Дала» шағынауданы, Сүлейменов, Желтоқсан, Төле би, Б.Момышұлы, Шостакович, Саңырақ батыр көшелерін қамти отырып, «Арай», «Арай-2» шағынаудандары мен «Бәйтерек» шағынауданындағы

Толығырақ...
 
ҚОЛ БАСТАҒАН ҚОСЫ БАТЫР

Әр ғасыр, әрбір дәуір қазақ халқына сыны мен сынағын қатар жіберуден танбаған. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»  тұсында, ел басына күн туған алмағайып кезеңде бүкіл қазақ халқы  бірігіп, тізе қосуы  арқасында Орбұлақ пен Аңырақайдағы тарихи маңызды жойқын жеңістер Азаттықтың ақ туын көтерумен басталған. Бұл жолда ұлтының өркениетін сақтап қалуға ұмтылған батыр бабаларымыздың қайсар мінезі,  қайтпас жігері мен асқақ рухы жатқандығы қазіргі қоғамға тарихи жылнамалардан аян.
Елінің қамын жеп, халқының тағдырын әріден ойлаған, жоңғардың  әскеріне қарсы сап түзеген батыр бабаларымыздың алдыңғы қатарында дарабоз тұлға Қосы батыр Сәмбетұлының да есімі ерекше  биікте тұр. Бабамыздың ерлік жолы ұлт тарихына алтын әріптермен жазылып қалғаны

Обновлено 17.10.2025 13:35
Толығырақ...
 
“ОНОМАСТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ”

Осындай тақырыпта аудандық орталық кітапханада өткен семинарды аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов ашып, жүргізіп отырды.
Айтулы шараға аудан әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы топ мүшелері, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен бас мамандар қатысты.
Семинар барысында облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы Медет Атен ономастика саласының  заңнамалық актілерге және әдістемелік ұсынымдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталды.
Атап айтқанда ономастика жұмысының критерийлері, “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы”

Обновлено 17.10.2025 13:29
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2705
mod_vvisit_counterКеше4754
mod_vvisit_counterОсы аптада20576
mod_vvisit_counterӨткен аптада31090
mod_vvisit_counterОсы айда42876
mod_vvisit_counterӨткен айда119195
mod_vvisit_counterБәрі3813154

Серіктестер