|
Құрметті ауыл тұрғындары, ағын су тұтынушылар! «Қазгидромет» РМК-ның 2022 жылға берген консультативтік гидрологиялық болжамы бойынша, Жамбыл облысындағы таулы өзендер алқаптарында ылғалды жинау кезеңіндегі жауын-шашын және қардың қоры көпжылдық көрсеткіштен нормадан төмен болады деп күтілуде. Бұл дегеніміз - ағымды жыл өткен жыл сияқты ағын су тапшы болмақ. Оған негіз, бүгінгі күнге “Киров” су қоймасындағы жиналған су жобалық көлемнің тек 49% алып отыр. Судың негізгі көлемі Қырғыз тауларынан құралатынын ескерсек, Қырғызстан Республикасы тарапынан Қазақстанға трансшекаралық “Талас” өзені арқылы беріліп жатқан ағын су көлемі жаз айларында қысқартылуы мүмкін. Сонымен қатар, бүгінгі таңда, аудандарыңыздағы “Өтеміс”, “Сеңкібай”, “Белходжа”, “Байзақ”, “Сәмбет”, “МР-3”, “МР-4”, “Свекловичный”, “Медеу”, “Новомихайловский”, “Сатыбалды” шаруашылықаралық каналдарында қайта қалпына келтіру жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан, ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырған кезде осы аталған мәселелерді ескеру керек, яғни, дақылдарды каналдың аяқ жақтарына емес, суды толық ала алатын каналдың бас жағына, орта тұстарына егу қажет және суды аса көп қажет етпейтін дақылдарды, ақ егісті егуге, ауыспалы егісті міндетті түрде сақтауды енгізу туралы және суармалы дақылдарды тәлімді жерлерге отырғызбауды сұранамыз. Одан бөлек, биылғы жылы суды көп қажет етпейтін дақыл түрлерін егуді ұсынамыз. Ағын су тапшылығына байланысты сабырлылық танытып, түсіністікпен қарауларыңызды сұранамыз.
Су ресурстар комитетінің “ҚазСуШар” РМК Жамбыл филиалы. |