Онлайн газет



“БАҒЫМ ДА, ТАҒЫМ ДА - ХАЛЫҚ”

Осындай атаумен Халықаралық «Алаш» сыйлығының  иегері, ақпарат және мәдениет саласының үздігі Ғайни Әлімбекқызының шығармашылық кеші өтті.
Мырзатай ауылдық клубында  өткен шара шымылдығы  Ғайни Әлімбекқызының сөзіне жазылған әсем әнмен ашылды.  Алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Олжас Баққараев ақынның ұлт руханиятына қосқан үлесі туралы айтып, Құттықтау хаты мен сый-сияпатын тапсырды.
Мұнан кейін  Ғайни Әлімбекқызы сахна төріне шығып, жырларын оқып, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді.
Облыстық филармонияның әншілері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  әнші-сазгер

Обновлено 04.05.2026 11:06
Толығырақ...
 
ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

«Бала біздің болашағымыз, елдің ертеңі». Сондықтанда олардың еркіндікте, баршылықта өсіп-өнуі, алаңсыз көңілде болуы - басты мақсаттардың бірі.
Мемлекет басшысы балаларға ерекше назар аудару керектігін, сондай-ақ олардың әл-ауқаты Қазақстанның табысты болашағының сенімді кепілі екендігін үнемі айтып отырады.
Кеше, яғни Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Үлгілі ауылында жаңадан соғылған балалардың ойын алаңшасының ашылу рәсімі өтті.
Онда алдымен аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев сөз алып, үлгіліліктерді жаңа ойын алаңшасының

Обновлено 04.05.2026 11:01
Толығырақ...
 
ОҚУШЫЛАРҒА ЗАҢДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ЖАҢА ДӘСТҮРІ

Өткен сейсенбіде Ботамойнақ ауылдық округіндегі №4 мектеп-лицейінде «Заң және тәртіп — саналы ұрпақ негізі» тақырыбында «Жас прокурор» және «Жас сақшы» сыныптарына қабылдау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Тағылымы мол шара жас буынның құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың бойында жауапкершілік пен тәртіпке деген құрметті қалыптастыруға бағытталды.
Салтанатты жиынға аудан прокуроры Ақберген Мүлкеманов, аудан прокуратурасының прокуроры Бижан Ержанұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Әлімхан Қарымсақов, полиция бөлімі басшысының кадр жөніндегі орынбасары Николай Сон, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы

Обновлено 04.05.2026 10:59
Толығырақ...
 
КҮШ ТЕ, ҚУАТ ТА - БІРЛІКТЕ

Қазақ халқының «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Ырыс қайда барасың-ынтымаққа барамын» деген дана сөздерінің астарында үлкен мән жатыр. Қоғамның тұтастығы қай кезде ішкі татулық пен берекеден бастау алатындығы  баршамызға аян.Ынтымағы жарасып, түрлі  ұлттың басын қосқан қастерлі қазақ жері бейбітшіліктің қасиетті шаңырағына айналды.
Қазақстан халқының бірлігі күні әрбір қазақстандықты мақтаныш сезіміне бөлеп, барша ұлттың баласын бауырластыққа үндеп, берекеге бастар ерекше мейрам. Бұл мереке бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешудің маңызын, ауызбірлік пен түсіністік үстемдік құрған жерде жетістік

Толығырақ...
 
ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ - ОРТАҚ ІС

Өткен сәрсенбі күні Мырзатай ауылындағы ауылдық клубта Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы «Аналар алқасы» мен Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық тәрбие берудегі ананың мәртебесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев, орынбасарлары Ж.Миллионов, Қ.Ильясов, облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Мыңбаев, облыстық аналар алқасының төрайымы Х.Оспанова, орынбасары Н.Оспанбекова, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының мәдениет жұмыстарын ұйымдастырушысы

Обновлено 04.05.2026 10:57
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін70
mod_vvisit_counterКеше2304
mod_vvisit_counterОсы аптада10832
mod_vvisit_counterӨткен аптада22840
mod_vvisit_counterОсы айда47275
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4304533

Серіктестер