|
Өз өмірлерін еліміздің әлеуметтік және экономикалық жағдайының жақсаруына арнаған аға буын өкілдері жастары жетіп зейнетке шықса да қоғамдағы әртүрлі өзгерістерге үн қатып, ауқымды істерге әлі де араласып келеді. Олардың арасында өз шаруаларын дөңгелетіп, кәсіппен айналысып жүргендері де аз емес. Олар елдің бірлігі, жастар арасындағы тәрбие жұмыстарынан да шет қалып жүрген жоқ. 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Сарыкемер ауылындағы осындай бір топ ардагерлермен аудан әкімі Бақыт Қазанбасов аудан орталығындағы «Альнияз» мейрамханасындағы дастархан басында кездесті. -Қариялар – біздің
|
|
Обновлено 05.10.2022 11:08 |
|
Толығырақ...
|
|
Өркениетті елдердің санатына қосылуға ниет білдірген қазақ елінің келешек ұрпағы - өз қарияларын сыйлап, құрметтеуді - ұлттық дәстүр, игілікті іс, перзенттік парыз деп санайды. Өйткенi, жасы ұлғайған адамдар —мемлекетiмiздiң алтын қоры, дәстүрлердiң сақтаушысы, отансүйгіштіктің, iске деген адалдықтың, ұлы шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi. Олар соғыстың қатал мектебiнен, соғыстан кейiнгi құрылыстан өттi және туған елiмiздiң гүлденуi жолында көп күш-жiгерлерiн
|
|
Обновлено 05.10.2022 11:03 |
|
Толығырақ...
|
|

Кеше әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінде «Amanat» партиясы Байзақ аудандық филиалының кезектен тыс XXXVI конференциясы еліміздің Гимнімен ашылды. Конференция жұмысын «Amanat» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Конференцияға ауданымыздың өңірлерінен сайланған 100 делегаттың 93-і, аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев, ауыл, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық ұйым жетекшілері мен мекеме басшылары
|
|
Обновлено 30.09.2022 10:26 |
|
Толығырақ...
|
|

Өткен бейсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында жетінші сайланған Байзақ аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXIII cессиясы болды. Сессияға аудандық мәслихаттың 17 депутатының 16-сы қатысты. Сондай-ақ сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, ауыл, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысып отырды. Сессияны аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев ашып, жүргізді.Онда «2022-2024 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №21-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Лесбек Майлыбаев баяндады. Баяндамашы бюджеттің кірісі жоғарғы тұрған бюджет
|
|
Обновлено 30.09.2022 10:24 |
|
Толығырақ...
|
|

Түймекент ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша ақпараттық «Үгіт-насихат» штабының еңбек ұжымдарымен кездесу семинар-отырысы өтті. Оған ауыл, ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты. Жиынды штабтың төрайымы Ғайни Көшекбаева ашып, жүргізіп отырды. Онда алдымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Асқар Қадырқұлов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына Жолдауын және сыбайлас жемқорлықтың
|
|
Обновлено 30.09.2022 10:21 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 861 862 863 864 865 866 867 868 869 870 Келесі > Соңғы >>
|