|
Қазақстан Республикасы президентігіне кандидат Мейрам Қажыкен шетелдік инвесторлармен және ірі кәсіпорындардың жеке иелерімен жасалған барлық шарттың ашық болуын талап етіп отыр. Теміртауға сапары барысында ол «Арселор Миттал», жеке құрылыс, коммуналдық, күзет компанияларының қызметкерлерімен, сондай-ақ салалық кәсіподақтардың өкілдерімен кездесті. М.Қажыкен меншікті атап айтқанда, жеке шетелдік азаматтарға тиесілі кәсіпорындарды
|
|
Толығырақ...
|
|
«Ауыл» халық-демократиялық патриоттық партиясының республикалық қоғамдық штабының отырысы өтіп, Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат науқанының барысы талқыланды. «Ауыл» партиясы үгіт-насихат науқаны аясында еліміздің барлық 20 өңірін қамтығаны айтылды. Өңірлік штабтар 2500-ден астам іс-шараны қамтитын үгіт-насихат жоспарын әзірлесе, оның 70 пайызы
|
|
Толығырақ...
|
|
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Ақтауда жалғызбасты аналармен кездесу өткізді. «Жалғызбасты аналар алимент сұрамауы керек, бұрынғы күйеуі мен бірге тұратын адамдарының артынан жүгірмеуі керек. Кез келген ана балаларын өсіреді, оларға білім, лайықты тәрбие береді. Алайда әйелдер барлық жауапкершілік жүгін өз мойындарына көтермеуге
|
|
Толығырақ...
|
|
Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Шымкент қаласының сайлаушыларымен жүздесіп, жиналған жұртты өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Қала тұрғындары, туристік сала мамандары, қазақ ұлттық тағамдарына негізделген мейрамханалардың өкілдері мен кәсіпкер әйелдер қатысқан кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер мен отандық туризмді дамыту сұрақтары
|
|
Толығырақ...
|
|
Қазақстан Республикасы президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілдері Айдар Әлібаев пен Талғат Омаров С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымымен, сондай-ақ елорда тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында олар Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді. Айдар Әлібаев кандидат бағдарламасында білім беру саласының дамуына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Медицина және білім беру салаларына ІЖӨ-ден жылына ең кемі 5-7 %-ды бөлу ұсынылған. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері мұндай шара дәрігерлер мен мұғалімдер еңбекақысының банк қызметкерлері деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік беретіндігін айтты. «Мұның маңызы зор, себебі бұл мамандар адами капиталдың сапасына жауап береді, ал бұл өз кезегінде отандық экономиканы дамыту үшін негізгі талап болып саналады», - деді А.Әлібаев. Кандидаттың сенімді өкілдері мемлекет алдында тұрған басты мәселе жемқорлықпен күрес екенін атап өтті. Олардың пікірінше, ол үшін ең алдымен саяси реформаларды жүзеге асыру керек және мәжілістің рөлін күшейту керек. |
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 841 842 843 844 845 846 847 848 849 850 Келесі > Соңғы >>
|