Онлайн газет



ҰСТАЗДАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Тәуелсіздік күні  қарсаңында «Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін дамыту, құзыреттілігін арттыру, тәжірибе, білім алмасу және шет елдердің педагогтарымен өзара байланыс орнату мақсатында Алматы қаласында ұйымдастырылған IX Xалықаралық шығармашылық байқауында Жамбыл облысының үздік мұғалімдерінен құрылған команда жүлделі II және III орындарды жеңіп алды.
Олардың арасында ауданымыздағы Ғани Мұратбаев атындағы гимназияның физика пәнінің мұғалімі Қанат Сейдібаев және математика пәнінің мұғалімі Бақыткүл Үсенова  II орыннан көрінсе, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Ахмет Әбдіраманов жүлделі III орынды иеленді.
Атырау қаласындағы II республикалық «Director`s CUP» дебат турнирі аясында мектеп директорлары арасында өткен қазақша «QUIZ» зияткерлік сайысында Жамбыл облысының командасы топ жарды. Команда  құрамында жерлесіміз, ауданымыздағы Ғани Мұратбаев атындағы гимназияның директоры Мұхит Наметқұлов та  болды.
Ұстаздарымызды еліміздегі аса қадірлі, айтулы мереке қарсаңында қол жеткізген жетістіктерімен құттықтаймыз!

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

 
ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ - ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Шаңырағы биiк, босағасы берiк отбасы қоғамның тұрақты дамуының және мемлекеттiң өсiп-өркендеуiне, болашағы бiртұтас, «Мәңгiлiк Ел» болу жолында нығая түсуiне өлшеусiз үлес қосады. Тек берiк отбасылық дәстүрлерi орныққан ел ғана мығым әлi мызғымас ел бола алады.
«Отан отбасынан басталады» демекші, қазақ халқы қашанда отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Ер азамат-отбасының тірегі, қорғаушысы, жауапты тұлғасы, ал әйел-ана - шаңырақтың берекесі, тірегі саналса, балалар-өміріміздің

Толығырақ...
 
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТАҢЫЗДАР

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі Жаңа жыл мерекесі қарсанында  төмендегі ережелерді қатаң сақтауға шақырады.
Адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде:
1) кемінде екі эвакуациялық жолымен қамтамасыз етілген және жанғыш қалқалары бар ғимараттарда екінші қабаттан жоғары емес орналасқан үй жайлар

Толығырақ...
 
ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сарыкемер мектеп-гимназиясында  аудан әкімі Бақыт Қазанбасов  білім бөліміне қарасты мектептердің кіші қызметкерлерімен кездесіп, еліміздің басты мерекесімен құттықтады.
- Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Біз үшін Тәуелсіздік мерекесінің орны ерекше. Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Осынау мереке қарсаңында еңбектеріңізге табыс тілеймін. Сіздердің мектеп ішінде атқарып жатқан жұмыстарыңыз орасан. Мектеп ережесін сақтап, тазалық пен тәртіпті ту еткен сіздерге алғыс білдіре отырып, отбасыларыңызда

Обновлено 20.12.2022 11:57
Толығырақ...
 
ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ - БАСТЫ НАЗАРДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Еліміздің басты құндылығы-адам. Бұл-айқын нәрсе. Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру-реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» деп атап өткені белгілі. Шындығында да қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда. Міне сондықтанда біз аудандық орталық аурухананың

Обновлено 20.12.2022 11:53
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 821 822 823 824 825 826 827 828 829 830 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін832
mod_vvisit_counterКеше2425
mod_vvisit_counterОсы аптада8586
mod_vvisit_counterӨткен аптада43019
mod_vvisit_counterОсы айда66112
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4428270

Серіктестер