Онлайн газет



ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР КӨЗДЕРІНІҢ АДАМҒА ӘСЕРІ

Әртүрлі физикалық факторлар адам денсаулығына үнемі әсер етеді. Олар бізді тек жұмыс орнында ғана емес күнделікті өмірде біздің айналамызда кездеседі. Адам күннің көп бөлігін жұмыста өткізеді, сондықтан жоғары өнімділік пен денсаулық үшін қолайлы және қауіпсіз жұмыс ортасы мен жағдайды құру маңызды рөл атқарады. Қоршаған ортаның биологиялық белсенді физикалық факторлары-әртүрлі жиіліктегі шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, микроклимат айтарлықтай адам деңсаулығына әсер етеді. Бұл факторлардың ағзаға әсерін зерттеу еңбек физиологиясының жетекші салаларының бірі болып табылады. Физикалық факторлармен жұмыс істеу кезінде

Толығырақ...
 
АУДАН МӘДЕНИЕТІНІҢ МЕРЕЙІ ТАСЫҒАН КҮН

Мәдениет – ұлттың қуаты,  асыл қазынасы. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.
Өткен сенбі күні Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауы, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйытқы болуымен аудан орталығы-Сарыкемер ауылындағы орталық стадионда аудандар арасында алғашқы болып өткен  Байзақ ауданының мәдениет күндеріне арналған “Мәдениет-асыл қазынам” атты іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов және мәртебелі қонақтарды кимешек киген “Асыл әжелер” тобы әнмен қарсы алып, шашу

Обновлено 30.05.2023 11:06
Толығырақ...
 
ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ЖАДЫМЫЗДА

Кеше,  «Amanat» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағлым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жиынға М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, Шымкент қаласы қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясы жұмыс тобының жетекшісі Сейдехан Әлібек, Кеңес орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарихшы Алтайбай Жазылбеков, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және аналар кеңесінің

Обновлено 30.05.2023 10:58
Толығырақ...
 
ЕЛ БАСЫНА КҮН ТУҒАНДА

Ел басына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдары сол тұстағы Кеңестер Одағы халықтарының басынан кешкен ауыр да, азапты өмірі айтылып та, жазылып та түгесілер емес. 1941 жылдың соңында Волга бойын мекендеген неміс ұлты өкілдерін күштеп, зорлықпен Орталық Азия және Қазақстанға көшіріледі. Солардың қатарында бірнеше жанұя біз тұрып жатқан  Ақжар ауылына да келіп қоныстанады.
Табиғаттарынан аса биязы, жинақы, еңбекқор неміс ұлты өкілдері жергілікті тұрғындар арасына тез сіңісіп кетеді. Ұжым мүшелерімен бірдей шаруашылықта еңбек етті. Артық шығындану дегенді ұнатпайтын неміс ұлты өкілдері жергілікті тұрғындардың көп пайдалы жақтарын үйренсе керек. Олар әсіресе техника тілін жақсы білетіндіктерін көрсете білген. Аш-жалаңаш келген ағалы-қарындас

Толығырақ...
 
ЖАРТЫ ҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХЫ БАР БІЛІМ ОШАҒЫ

Жас ұрпақтың жүрегіне ыстық сағыныш ұялатып, білім мен тәрбие нұрын таратумен келе жатқан білім ұясы - мектеп екені даусыз. Тарихы сонау 1973 жылдан бастау алатын білім ордасына биыл міне – жарты ғасыр.
Қойнауында талай тарихты бүгіп жатқан Түймекент ауылдық округі, Ақжар ауылы, С. Сейфуллин атындағы орта мектебі осы жылдар ішінде мыңдаған шәкірттің жүрегіне нұр құйып, түлетіп ұшырды. Солардың жеткен жетістіктері, шыққан биіктері, атқарған игі істеріне сүйсініп, мақтанып жүрген жайы бар бүгіндері.
Игі шарада айтылған естеліктер, жылы лебіздер, пікір алмасулар легі еш толастамады. Бүгінгі таңда, еліміздің

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 741 742 743 744 745 746 747 748 749 750 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2343
mod_vvisit_counterКеше3247
mod_vvisit_counterОсы аптада5590
mod_vvisit_counterӨткен аптада36337
mod_vvisit_counterОсы айда101101
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4358359

Серіктестер