|

Егемен Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, алты айдан соң 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді. 2007 жылдан бастап 4 маусым - ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні ретінде аталып келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: “Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу
|
|
Обновлено 06.06.2023 17:47 |
|
Толығырақ...
|
|
Біздің ауданымыз облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығымен айналысатын аудандар қатарына жатады. Ауданда егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы қатар дамып келеді. Ал бұған әрбір жылдың қорытындысында қол жеткізген жетістіктер дәлел бола алады. Биылғы жыл шаруаға аса жайлы болып тұрған жоқ. Олай дейтініміз қыста қар қалың түскенімен көктемде жауын аз болды. Жауын жауысымен артынша жел тұрып, жерді кептіріп жіберіп жатты. Соған қарамастан аудан дихандары жермен жұмыс істеуді ерте көктемнен қолға алды. Биылғы жылы аудандағы ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік жер көлемі 60865 гектарды құраса, оның 29411 гектары суармалы, 31455 гектар тәлімі жерлер болып есептеледі. 2023 жылға ауылшаруашылығы дақылдарын 59910 гектар алқапқа
|
|
Толығырақ...
|
|

Халықаралық балаларды қорғау күнінде ауданымызда көптеген іс-шаралар өткізілді. Солардың бірі-өткен аптаның соңғы күндері аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты аудандық мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығының мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаған кеші болды. «Бағлан» мейрамханасында өткен кешке 30 мүмкіндігі шектеулі балалар өздерінің ата-аналарымен қатысты. Онда алдымен аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов балаларды мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің атынан оларға сыйлықтар тапсырды. Ал «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева өзінің жақсы тілегінен кейін балалар тәрбиеленіп жатқан орталыққа өз сыйлығын табыс етті. Аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Саққұлова мен орталық директоры Дәмира Жаңбырбаева да балғын балаларға өздерінің игі тілектерін білдірді. Кеш барысында орталық тәрбиеленушілері өздерінің тақпақтары мен әндерін айтып, шараны ұйымдастырушылар атынан сыйлықтарға ие болды. Ал мультфильм кейіпкері ретінде киінген үлкен аюлармен билеген балалар олармен жарыса суретке де түсіп, мәз-мейрам болып жатты. Балалармен бірге аудан әкімінің орынбасары Т.Жамалов, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрайымы И.Спаналиева, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Саққұлова, орталықтың директоры Д.Жаңбырбаевалар қосыла биледі. Аудан мектептерінен келген жас әншілерде әулете ән шырқап, балалардың көңіл күйлерін көтерді. Кеште ата-аналар атынан сөз сөйлеген Талжібек Жасақбаева, Пернегүл Орынбаева, Эльвира Үсеновалар осындай көңілді кеш ұйымдастырып, дастархан жайған орталық басшылығына, балаларды арнайы келіп құттықтап, сыйлықтарын тапсырып жатқан аудан басшыларына алғыстарын айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
* * * Осы күні Қостөбе ауылдық округінің Талас ауылындағы «Жастар» аллеясында «Балалар-біздің болашақ» атты тақырыпта округтегі мүмкіндігі шектеулі 39 бала шақырылып, мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Саққұлова, аудандық мәслихаттың депутаты Г. Ешеева, Жамбыл облыстық қорық музейінің мамандары өздерінің көне жәдігерлерімен және балаларға деген сый-сыяпаттарымен келді. Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Қостөбе-1, Қостөбе-2 және ауыл кәсіпкерлері демеушілік жасап, 39 ерекше балаға жас ерекшеліктеріне сай сый-сияпаттар табыс етілді. Концерттік бағдарлама және спорттық ойындар ойнатылды.
Өз тілшіміз. |
|
Қазіргі кездері медиацияның сот саласында қолданылуының көрсеткішінің өсуі қуантарлық жағдай. Өйткені, бұл деген дауласушы тараптардың бір мәмілеге, консенсуске, екі жақтың жағымды және тиімді қанағаттанарлық шешімге келуі деген сөз. Қазіргі кезде дауды бітіммен, татуласумен шешуді көптеген елдер қолдайды. Қазақстан да өз тарапынан бұл жолда дұрыс бағыт алып келуде десек қателеспейміз. Жалпы, дауларды бейбіт түрде шешуге бағыт беруші фактордың бірден-бірі
|
|
Обновлено 06.06.2023 17:31 |
|
Толығырақ...
|
|
Ата-бабаларымыздың армандап өткен Тәуелсіздігімізге 30 жылдан асып барады. Бұл жылдар ішінде еліміз өсті, өркендеді, көптеген алпауыт мемлекеттер санасатын дәрежеге жетті. Тәуелсіз еліміздің тірегі-білімді ұрпақ екенін жақсы білеміз. Сондықтанда мемлекетіміз білім саласына аса басымдық беріп келеді. Бұл ретте жастарға сапалы біліммен бірге, саналы тәрбие берудің де маңызы зор. Ал ол үшін оларды оқытатын ұстаздармен бірге жастарды тәрбиелеуде әрбір отбасыға артылар міндетте аз емес. Әсіресе отбасындағы әкелердің рөлі ерекше екенін
|
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 731 732 733 734 735 736 737 738 739 740 Келесі > Соңғы >>
|