|
Байзақ ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінде бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/267 бұйрығына сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі
|
|
Толығырақ...
|
|

Бекітілген кестеге сәйкес, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов Сазтерек ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Бақыт Алпысбайұлы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар, атап айтқанда, аудан аумағында орналасқан елді мекендер 100 пайыз газбен, 95 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Сондай-ақ, Сазтерек ауылдық округінің Жаңасаз елді мекеніне 2025 жылдың соңына дейін ауыз су жүйесі жүргізілетінін жеткізді. Өз кезегінде сөз алған ауылдық округ әкімі Жұмабек Шайхиев Ақтөбе ауылына кіші футбол алаңшасын салу туралы
|
|
Обновлено 29.09.2023 12:45 |
|
Толығырақ...
|
|
Өткен сәрсенбі күні Сарыкемер ауылының орталық алаңында нағыз таланттардың бағын ашып, өнер айдынына шығарып келе жатқан «Байзақ жұлдызы-2023» ән-байқауы жеңімпаздарының гала-концерті өтті. Алаңға жиналған жұртшылықтың қарасы қалың болды. Сахнаға қойылған ЛЕД экраннан тікелей көрсетілім ұсынылып, жан-жағынан жанған түрлі-түсті шамдар мен отшашулар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Алдымен байқау жеңімпаздары қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, сахна төріне көтерілді. Ауданымыздың үш аймағында ұйымдастырылып, іріктеуден өткен, дарынды 9 жас нағыз кәсіби әншілермен жұптасып, өнер көрсетті. Айтулы шараның шымылдығын
|
|
Обновлено 29.09.2023 12:00 |
|
Толығырақ...
|
|

Өткен жылдың 5 қарашасында Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің және оның өңірдегі өкілдерінің міндеттері мен құзыретін айқындайтын «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңға қол қойғаны белгілі. Яғни, адам құқығы жөніндегі уәкіл - өз құзіреті шегінде адамның және азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал ету, сонымен қатар, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласында халықты құқықтық ағартуға жәрдем көрсету
|
|
Обновлено 29.09.2023 12:37 |
|
Толығырақ...
|
|
Өткен сәрсенбі күні Сарыкемер ауылының орталық алаңында нағыз таланттардың бағын ашып, өнер айдынына шығарып келе жатқан «Байзақ жұлдызы-2023» ән-байқауы жеңімпаздарының гала-концерті өтті. Алаңға жиналған жұртшылықтың қарасы қалың болды. Сахнаға қойылған ЛЕД экраннан тікелей көрсетілім ұсынылып, жан-жағынан жанған түрлі-түсті шамдар мен отшашулар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Алдымен байқау жеңімпаздары қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, сахна төріне көтерілді. Ауданымыздың үш аймағында ұйымдастырылып, іріктеуден өткен, дарынды 9 жас нағыз кәсіби әншілермен жұптасып, өнер көрсетті. Айтулы шараның шымылдығын Бурыл ауылынан келген Асылай Шарден халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты Динара Қыпшақпен, түймекенттік Дәулет Оңғарбаев аудандық әл – Фараби атындағы мәдениет үйінің әншісі Дулат Жасұзақовпен, мырзатайлық Алуа Дәулетбергенова 2004 жылғы «Байзақ жұлдызы» байқауының бас жүлдегері Динара Диханбаевамен, №3 Байзақ колледжінің 3-курс білімгері Құрбан Дастан эстрада жұлдызы Рахат Ержановпен бірге әуелете салған әндері тыңдарман көңілін тербеп, ерекше әсер сыйлады. Байзақ ауылының намысын қорғаған Жанерке Тасболат танымал әнші Дамира Музатовамен, көкталдық Нұртай Әліпбай 2017 жылы өткен «Байзақ жұлдызы» байқауының бас жүлдегері Талант Құрымбаевпен, байқаудың ең жас қатысушысы, абайлық өнерпаз Оразкүл Сатайбек клуб қызметкері Сырым Хайруллаевпен бірге тамылжыта салған әндеріне тыңдармандар үлкен қошемет көрсетті. Тегістік ауылынан келген, көпбалалы ана Айсұлу Әбдешова 2011 жылғы «Байзақ жұлдызы» байқауының бас жүлдегері Мадина Бердияровамен, қызылжұлдыздық Әлім Мадияр эстрада жұлдызы Азамат Исаевпен мәнеріне келтіре орындаған әндеріне жиылған жұрт қошемет көрсетіп, қосыла билеп жатты. Гала-концерт соңында сахна төріне көтерілген аудан әкімі Бақыт Қазанбасов 1999 жылдан бері өңірімізде өтіп келе жатқан «Байзақ жұлдызы» байқауының маңызына тоқталды. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар барлық елдімекендерде жалғасын табатындығын айтып, «Байзақ жұлдызы-2023» байқауының бас жүлдесін иемденген мырзатайлық Алуа Дәулетбергенованы аудан әкімінің Дипломымен марапаттады. Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев І, ІІ, ІІІ орындарды иемденген түймекенттік Дәулет Оңғарбаевқа, қызылжұлдыздық Мадияр Әлімге, №3 Байзақ колледжінің 3-курс білімгері Дастан Құрбанға аудан әкімінің Дипломын табыс етті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков өнерімен дараланған үміткерлерге аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Барлық қатысушыларға заттай ескерткіш сый-сияпаттар көрсетілді. Осылайша Сарыкемер ауылының аспаны әуезді ән мен күмбірлеген күйге бөленді.
Өз тілшіміз. |
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 661 662 663 664 665 666 667 668 669 670 Келесі > Соңғы >>
|