|

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударған еді. Кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі екеніне де тоқталған болатын. «Amanat» партиясы Президентіміздің осы бастамасын қолдап, «Amanat» партиясы мен баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, барлық өңірде «Кітап-Amanat» кітап дүкендерін ашуды қолға алды. Кітап дүкені бұған дейін Астана, Алматы қалаларында ашылса, енді бұл игі іс республика көлеміндегі аудандық деңгейде
|
|
Обновлено 03.11.2023 15:55 |
|
Толығырақ...
|
|
Биылғы жылы ауданымыздың 14 округі барлығы 2350 гектар жерге қант қызылшасын егіп, алажаздай күтімдеді. Облыс аумағындағы су тапшылығына қарамастан ауданда қызылшаның шығымы жаман болған жоқ. Сондықтанда болса керек өткен аптада «Қант қызылшасы өндірісін дамыту» тақырыбындағы «Егінжай-2023» облыстық семинары ауданымыздың Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты «Аспан Агро» ауыл шаруашылығы кооперативінің қызылша алқабында өткені белгілі. Бұл алқаптағы қант қызылшасы жаз бойы
|
|
Толығырақ...
|
|
(Болған оқиға ізімен)
Кісінің өмірде өз басынан кешкен немесе куә болған оқиғаларының біразы уақыт өте келе естен шығып кетіп, ұмыт болып жатады. Ал біразы қанша уақыт өтседе ойға қайта-қайта оралып, мазалайтын кездері болады. Осындай өзім куә болған бір оқиға есіме жиі –жиі түсіп, әркез ойланып қаламын. Мені үнемі мазалап жүретін осы оқиға өткен ғасырдың сексенінші жылдары болған еді. Ол кезде мен теңімді тауып, жаңадан отбасын құрғанмын. Жұмыс бабымен қазіргі Сарыкемер ауылында тұрып жатқанбыз. Арай қарындасым маған ағайын болып келетін. Жамбыл (Тараз) қаласындағы медбикелер дайындайтын оқу орнын бітіріп, жолдамамен (ол кезде солай еді) осы ауылдағы
|
|
Обновлено 03.11.2023 15:45 |
|
Толығырақ...
|
|
Суханбаев және Бәйтерек ауылдық округтерінің Жақаш пен Базарбай елді мекені тұрғындарымен Байзақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Роза Пірімқұлова аса қауіпті жұқпалы ауру саналатын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, түйнеме (сібір жарасы), кең таралған жіті инфекциялық ауру -қызылша, оның алдын алу жолдары мен тұмаудан қорғану тәсілдері жөнінде кеңінен ақпараттар беріп, түсіндіру жұмыстарын
|
|
Обновлено 03.11.2023 15:45 |
|
Толығырақ...
|
|

Жамбыл облысы Байзақ ауданында «Қант қызылшасы өндірісін дамыту» тақырыбындағы «Егінжай-2023» облыстық дала семинары өтті. «АСПАН АГРО» АШК-нің қант қызылшасы алқабында өткен шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары, шаруашылық жетекшілері және республикадағы ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары қатысты. Ауыл шаруашылығы саласындағы басым бағыттағы дақылдарға сәйкес әртараптандыруды жалғастыру және олардың өнімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттау арқылы тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинар
|
|
Обновлено 31.10.2023 12:13 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 651 652 653 654 655 656 657 658 659 660 Келесі > Соңғы >>
|