Онлайн газет



НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағынбеков жиын өткізді. Жиынға ауыл, ауылдық округ әкімдері, мамандарымен қатысты.
Онда алдымен аудан әкімдігінің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Әлібек Қуанышев ауданымыздағы мал басының есебі туралы хабарлама жасады. Хабарламада айтылғандай тиісті орындардан келген тексеру кезінде 8 ауыл, ауылдық округтер арасында жалғыз ғана Көптерек ауылдық округінде (әкімі Самат Күсемісов) ғана мал басының есебі дұрыс жүргізілгендігі белгілі болды. Ал қалған ауылдық округтерде шаруашылық кітабындағы мәліметтер мен мал дәрігерлерінің есебіндегі

Толығырақ...
 
ПРИВИВАТЬ ПРАВИЛЬНЫЕ ЦЕННОСТИ

Проведение национальных курултаев показало, что они  все больше востребованы в обществе, имеют большое значение и способны укрепить нашу страну и наше единство. На третьем заседании Национального курултая обсуждалось много актуальных общественно-политических вопросов. Как и на двух предыдущих происходило прямое взаимодействие между властью и народом. Президент  в очередной раз обозначил свою позицию по самым актуальным вопросам развития страны. Сделали это и  представители разных групп,  депутаты, бизнесмены,  деятели науки и культуры, правозащитники, гражданские активисты, эксперты.
На заседаниях курултая профессионалы из разных сфер, успешные в своем деле выдвинули

Толығырақ...
 
АУЫЛЫНА ҚАРАП, АЗАМАТЫН ТАНЫ...

Тазалық пен тәртіп кез келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындар мәдениеттілігінің өлшемі. “Ауылына қарап, азаматын таны” дегендей, әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті де көрікті болуы ауыл тұрғындарының жанашырлығына тікелей байланысты.
Негізгі мақсат - халық арасында қоғамдық және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштік, туған жерге және қоршаған ортаға деген жанашырлық пен құндылықтарын дәріптеу.
Оның аясында қыстан кейін елдімекендерді тазарту және абаттандыру жұмыстарына азаматтарды кеңінен тарту, осы іс-шараларға жастардың, еріктілердің әлеуетін жұмылдыру көзделіп отыр. Бүгінгі таңда, еліміз бойынша аталған акция өз жалғасын табуда.
Акцияға қосылған өңірлер арасында Байзақ ауданы да бар. Байзақ ауданының орталығы саналатын Сарыкемер ауылындағы Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта бөлім, мекеме қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілердің “Руханият” волонтерлік қозғалысы және жастар мен волонтерлардың қатысуымен санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аудан тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақтың аумағын, ондағы батыр ескерткішін, балалар ойын алаңшасын, скверлер мен орындықтарды тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы, тазалық жұмыстарына елуден астам адам қатысып, арнайы техникалар жұмылдырылды. Санитарлық тазалық барысында екі тоннаға жуық қоқыстар шығарылып, 250 шаршы метр аумақ тазаланды.
- Әрбір тұрғын өзінің ауласының тазалығына, тұрғылықты жеріне жанашырлықпен қараса, ауданымыздың көркейіп, гүлденуі өзіміздің қолымызда екені белгілі. Баршамыздың қоршаған ортаны қорғау, туған өлкеміздің тазалығын сақтау азаматтық парызымыз - дейді бізге берген сұхбатында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і директоры Мұхтар Қозбаев.

 

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНДА АЗАМАТТЫҚ ТАНЫТТЫ

Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта жүргізілген санитарлық-тазалық жұмыстарының соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Онда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысып, өз үлестерін қосқаны үшін «Ең үздік волонтер» аталымы бойынша аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і директорының Алғыс хатымен мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы  Ерлан Бартбек, волонтерлар №3 Байзақ колледжінің 3-курс студенті  Бағжан Өксікбай , «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысушы Аякөз Базарбаева марапатталды.
Табиғат байлықтарын сақтау жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтардың өмірі мен қызметін, мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуының және әл-ауқатын арттырудың негізі болып саналады. Ал, қоршаған ортаны, ондағы жасыл желекті аялау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен оның байлықтарын сақтау және көркейту әрбір адамзаттың міндетіне кіреді.
Аудан, ауыл тазалығы - баршаға ортақ іс. Өйткені, денсаулықтың кепілі - тазалық. Ауданымыздағы тазалық, көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары жыл бойы жалғаса беретін болады.
Жалпы, таза орта қалыптастыру тазалаудың емес, тазалық сақтаудың нәтижесінде жүзеге асатындығы айдан анық. Ендеше, өңіріміздің тазалығын сақтауға біркісідей үлес қосайық.

Айдар Алдабергенов.

Обновлено 11.06.2024 11:02
 
ЖАТ АҒЫМ - ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Өткен аптада аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл бөлім қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуге аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина қатысты.
«Жат ағым-жарға жығады» тақырыбында өткен кездесуді бөлім басшысының орынбасары, подполковник Есжан Абдиманапов ашып, жүргізіп отырды.
Биылғы жыл Ислам және дәстүр құндылықтары жылы болып белгіленген. Осыған байланысты дәстүрлі дінді насихаттау мақсатында

Обновлено 11.06.2024 10:59
Толығырақ...
 
АТҚАРАР ЖҰМЫС АЗ ЕМЕС

Жуырда аудандық Қоғамдық келісім кеңесі ғимаратында аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы Билер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа Билер кеңесінің мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков бастаған алқа мүшелері, ауыл, ауылдық округтердегі билер кеңестерінің төрағалары қатысты.
Отырыста аудандық Билер кеңесінің төрағасы Исағали Сәлімбаев «Аудандық және ауылдық округтердегі Билер кеңестерінің 2024 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстары және туындаған мәселелерді шешу жолдары туралы»

Обновлено 11.06.2024 10:58
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 531 532 533 534 535 536 537 538 539 540 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін3781
mod_vvisit_counterКеше3729
mod_vvisit_counterОсы аптада32097
mod_vvisit_counterӨткен аптада22731
mod_vvisit_counterОсы айда91271
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4348529

Серіктестер