|

Өткен аптаның жұмасында Жамбыл облысының 85 жылдығына орай, Сарыкемер ауылындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде “Ауыл кеші көңілді” атты ауылдық округтердің мәдениет күндерін Сазтерек және Ынтымақ ауылдық округтері жалғастырды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан мәдениет үйінің алдына қос ауылдық округтердің шаруа қожалықтары өндірген азық-түлік өнімдері: көкөніс түрлері, сүт өнімдері, қымыз, шұбат, ұлттық тағамдарымыздың жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қолөнер және қылқалам шеберлерінің туындылары да көздің жауын алады. Әсіресе Шоқан Уәлиханов орта мектебі, «Балдәурен» балабақшасының ұжымдары және «Асыл әжелер» тобының қолөнер туындылары
|
|
Обновлено 22.07.2024 20:33 |
|
Толығырақ...
|
|

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Жаңатас қаласындағы табиғи апат салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы ол кезекті аппараттық кеңесте айтты. Жиында алдымен елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды. Бұл бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов баяндама жасады. Қазіргі таңда облыстағы 371 елді мекеннің 285-і немесе халықтың 91,1 пайызы табиғи газбен қамтылған. Биыл көрсеткіш тиісінше арта түседі. Ғалым Исақовтың айтуынша, газға қосылмаған 86 елді мекенге талдау жүргізілген. Қазір 38 елді мекенге
|
|
Обновлено 18.07.2024 20:57 |
|
Толығырақ...
|
|
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы ауданымызда қарқынды жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту мақсатын көздейтін шараға белсенді түрде атсалысқан байзақтықтар аудан орталығы Сарыкемер ауылының Тараз қаласына шығаберіс аумағында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков, бірқатар бөлім, мекеме қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, “Руханият” волонтерлік қозғалысының мүшелері қатысты. Сенбілік барысында жол бойындағы ағаштардың қураған бұтақтары кесіліп, Сарыкемер ауылдық округі әкімшілігі тарапынан бөлінген техникалармен арнайы орынға
|
|
Толығырақ...
|
|
Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. Үкімет қаулысымен 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жариялады. Мемлекет басшысы үшінші Ұлттық құрылтайда кітап күніне байланысты тапсырма бергені белгілі. Осылайша, атаулы дата елдегі мереке күндерін толықтырады. «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы - кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек»,-деген
|
|
Толығырақ...
|
|

Кеше, «Байзақ адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісінің ұйымдастыруымен аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының қызметкерлері және «Балдырған» балабақшасының қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың құндылығын арттыру» дәрісі өтті. Шараның мақсаты - адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың құндылығын арттыру, адалдықты насихаттау, жемқорлықсыз қоғамды дәріптеу, әділдік пен сенім, парасаттылықты бойларына сіңіру. Кездесуге аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қыдыралы Оралов қатысты. Ол өскелең ұрпақтың бойында
|
|
Обновлено 18.07.2024 20:53 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 501 502 503 504 505 506 507 508 509 510 Келесі > Соңғы >>
|