|
Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тұтастығын айқындайтын басты құндылықтардың бірі. Ана тіліміз – ата-бабамыздан аманат болып жеткен асыл мұра, елдігіміздің айғағы. Ал мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Сондықтан оны құрметтеу, қолдану және дамыту – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында кеңінен қолданылуы, оның ішінде сот жүйесінде орнығуы – құқықтық мемлекет қалыптастырудың маңызды тетіктерінің бірі деп
|
|
Толығырақ...
|
|
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылық. Бала үшін отбасы – мейірім мен сүйіспеншіліктің, тәрбие мен өнегенің бастауы. Ұлттың болашағы да отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты. Сондықтан «Отбасы – патриоттық тәрбие мектебі» деген ұғымның маңызы зор. Патриоттық тәрбие баланың туған жеріне, еліне, жеріне, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүріне деген құрметінен қалыптасады. Бұл қасиеттер баланың бойына ең алдымен отбасында сіңеді. Ата-ананың туған елге деген сүйіспеншілігі, үлкенге құрметі, кішіге ізеті, еңбексүйгіштігі мен жауапкершілігі – балаға көрсетілген ең үлкен тәрбие. «Отан отбасынан басталады» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Өз отбасын қадірлеген бала
|
|
Толығырақ...
|
|

Аудан орталығындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясында дәстүрлі “Алғашқы қоңырау” мерекесі салтанатты түрде атап өтілді. Мектептің ауласы әсем безендіріліп, гүл шоқтарын ұстап ақ көйлек киген бүлдіршіндердің жүздері жарқын, қуанышқа толы болды. Биылғы салтанатты мереке «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары - экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында өтті. Бұл – жаңа оқу жылының басты бағдары “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасымен үндесіп жатыр. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранмен басталып, мектеп директоры Әсел Қуатова ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. “Білім мен еңбектің арқасында ғана жарқын болашаққа жетеміз. Ал ол болашақ таза, әдемі ортадан
|
|
Обновлено 04.09.2026 11:31 |
|
Толығырақ...
|
|
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жүріс-тұрысының жаңа мәдениеті мен қоғамдық этиканы қалыптастыру, сонымен қатар дәстүрлі амандасу әдебін сақтау туралы бастамасы қоғамда үлкен серпіліс туғызды. Мемлекет басшысы ер адамдардың және ерлермен әйелдердің шектен тыс құшақтасып, беттен сүйісіп амандасуын ұлттық мәдениетке жат қылық ретінде сынап, халықты байыпты әрі ұстамды ұлттық әдепке оралуға шақырды. Қоғамның дамуы тек экономикалық өсіммен немесе заңдардың қабылдануымен ғана өлшенбейді. Кез-келген өркениетті елдің іргетасы- оның ішкі мәдениеті, азаматтардың күнделікті
|
|
Толығырақ...
|
|
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БІРІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Құрметті Құрылтай депутаттары, Үкімет мүшелері! Қадірлі қауым!
Баршаңызға бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуы құтты болсын! Бүгін еліміз өзінің даму жолында аса маңызды кезеңге аяқ басты. Бұл – мемлекетіміз үшін мән-мағынасы айрықша оқиға, тарихи сәт. Біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып отырмыз. Бүгін жалпыұлттық референдум кезінде Қазақстан халқы қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес еліміздің бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтай ресми түрде өз жұмысына кіріседі. Бұл – мемлекетіміздің саяси жүйесінің жаңару үдерісі дәл осы күннен бастау алады деген сөз. Төл тарихымызға зер салсақ, Құрылтайда мемлекеттік маңызы бар мәселелер кеңінен талқыланып, ортақ шешімдер қабылданған. Бұл институттың жаңа кезеңде де жөні бөлек болары анық. Себебі Құрылтай билік жүйесін түбегейлі жаңғыртады, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін
|
|
Обновлено 01.09.2026 11:11 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғы >>
|