|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро) БҰҰ ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдігімен ынтымақтастықта 2023-2025 жылдарға арналған “Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу 2024” (бұдан әрі-МИКС) жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл зерттеудің мақсаты сенімді деректер мен талдау арқылы балалар құқықтарының
|
|
Толығырақ...
|
|
Сібір жарасы - бұл қоздырғышы Bacillus anthracis спора түзуші бактериясы болып табылатын жануарлар мен адамның жіті жұқпалы ауруы. Сібір жарасының үш түрі бар: терілік, өкпелік және ішекті. Терілік түрі басым, сирек-сепсис құбылыстары (шіруі) бар өкпе және ішек түрі. Бұл ауру адамға ауру жұқтырылған жануардың терісімен және жүнімен жанасудан немесе залалданған етті тұтынудан жұғуы мүмкін. Сібір жарасын адамға жұқтырушы ол үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбінесе жанасу арқылы (малды сою кезінде терісін түсіруде немесе мал терісін өңдеуде) және бактерияның спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішіп-жеуде
|
|
Толығырақ...
|
|

Құрметті депутаттар! Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге табыс тілеймін. Өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, Парламенттің екінші сессиясында 102 заң қабылданды. Оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар бар. Сондай-ақ ғылым және технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енді. Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаңдады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды. Қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл-өте өзекті мәселе, қоғамдық қатер десек те болады. Сондықтан осы бағытта арнайы заңдар қабылданды. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынды. Сіздер бұл жұмыспен
|
|
Обновлено 03.09.2024 10:55 |
|
Толығырақ...
|
|
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Сарыкемер ауылында жаңа білім ұясы пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, оқу-ағарту саласының ардагерлері, ауыл қариялары мен тұрғындары, ұстаздар мен ата-аналар, мектеп оқушылары қатысты. Ербол Қарашөкеев жиналғандарды Білім күнімен құттықтап, саланы одан әрі дамыту, педагогтерді қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді. -Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде білім мен ғылым саласын дамытуға баса көңіл бөлінуде. Осы тұрғыда біздің облысымызда да білім беру саласын дамыту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету-негізгі бағыттардың бірі болып отыр. Міне, бүгін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында
|
|
Обновлено 03.09.2024 10:55 |
|
Толығырақ...
|
|
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын теледидардан мұқият тыңдадым. Жолдауда алда атқарылар басымдықтың тоғыз бағыты аталып өтті. Соның ішінде ел бірлігін сақтау, Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету-баршамызға ортақ міндет болып табылатындығы айтылды. «Біз қиындықтарға мойымай, барлық мәселені біртіндеп, байыппен шешуіміз керек. Мұның бәрі халықтың тұрмыс-тіршілігіне ғана емес, қазіргі бұлыңғыр замандағы
|
|
Обновлено 03.09.2024 10:42 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 471 472 473 474 475 476 477 478 479 480 Келесі > Соңғы >>
|