|
Өткен аптада Тараз қаласында “Тараз-қолөнершілер қаласы” атты үшінші халықаралық көрме өтті. Айтулы көрмеге Ресей, Швейцария, Болгария, Монғолия, Үндістан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан Республикаларынан, жалпы алыс-жақын шет елдерден 200-ден аса қолөнер шеберлері қатысып, ұлттық бұйымдарымен таныстырды. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Тараз қаласы екі мың жыл бұрын қолөнер мен сауда орталығы болғанын тарихтан жақсы білеміз. Тараз қаласы 2022 жылы Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне 56-ы қала болып енген болатын. Халықаралық көрменің ашылу салтанатында
|
|
Обновлено 04.10.2024 11:24 |
|
Толығырақ...
|
|
Елімізде электр энергиясының тапшылығына байланысты атом электр стансасын (АЭС) салу туралы біршама уақыттан бері айтылып келе жатқанын білеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа арнаған Жолдауында «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек»,- деп атап өткені белгілі. Атом электр стансасы секілді ел өміріндегі әрбір маңызды мәселелер халықпен бірлесіп жасалатыныда айтылды. Сондықтанда 6 қазан күні АЭС-ты салу мәселесіне байланысты жалпыұлттық референдум өткізілгелі отыр. Еліміз жыл сайын өсіп-өркендеп келеді. Қалалардағы көпқабатты үйлер, үлкен-үлкен зауыт, фабрикалардың салынуына байланысты электр энергиясынан
|
|
Обновлено 04.10.2024 11:18 |
|
Толығырақ...
|
|
Атом электр стансасы - әлемдегі электр энергиясының негізгі көздерінің бірі саналады. Сондықтан АЭС салу-уақыт талабынан туындап отырғаны анық. Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атом электр стансасын салу бойынша жалпыұлттық референдум өтетінін атап айтты. 6 қазанда ауданымыздың азаматтары өз ұстанымдарын білдіретін болады. Жыл сайын тұрғындардың қуат көзін пайдалану деңгейі артып келеді. Алдағы уақытта сенімді электр энергиясына қол жеткізу үшін АЭС салу арқылы өзімізді тұрақты энергиямен қамтамасыз ететін боламыз. Бұл экономикамыздың тұрақтылығына, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізетіндігі сөзсіз. АЭС-тің қауіпсіздігі туралы елімізге белгілі ғалымдар мен осы саланың мамандары кеңінен ақпарат беріп, қазіргі заманғы үшінші буындағы атом электр стансаларын
|
|
Обновлено 04.10.2024 11:17 |
|
Толығырақ...
|
|
«Адамның адамшылығы-жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп жүрген ұлағатты ұстаздарымыз мектептің – жүрегі деседе болады. Мамандықтың анасы деп есептелетін мұғалімдік жұмысы көп қажырлы қайрат пен шыдамдылықты, терең білімді қажет етеді. Табиғаттың тамаша мезгілі, алтын күзбен ілесе келген кәсіби мереке–Мұғалім күні қарсаңында қиыны мен қызығы қатар жүретін қасиетті мамандық иелерін қалай мақтасақта жарасады. Ауданымызда білімді де білікті ұстаз иелері сан алуан. Солардың бірі - Ғ.Мұратбаев атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақыт Кудериева. Бақыт Жақсылыққызы - шәкірттерінің
|
|
Обновлено 04.10.2024 11:16 |
|
Толығырақ...
|
|
Ұстаздық-мәртебелі мамандық. Шәкіртіне білім, тәлім-тәрбие, жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілікке үйрете білу – ұстазға ғана тән қасиет. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мұғалім-мектептің жаны» деген. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарында бағытынан таймасы анық. Әр баланың көңілін тауып, оларды білім нәрімен сусындатып, өмір жолына шығарып салу деген үлкен еңбек. Біздің болашағымыз-балалар болғандықтан жас ұрпаққа терең білім мен тәлімді тәрбие беру аса жауапты іс. «Кез келген оқушы
|
|
Обновлено 04.10.2024 11:13 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 451 452 453 454 455 456 457 458 459 460 Келесі > Соңғы >>
|