|

Аудан әкімі Олжас Баққараевтың төрағалығымен кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары Қ.Бүркітәлиев, Р.Қасымов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты. Аппараттық кеңесте аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ғалым Қалтаев «Байзақ ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша атқарған жұмыстар туралы» баяндады. -Ауданымызда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тұрғындарды
|
|
Обновлено 03.07.2026 11:50 |
|
Толығырақ...
|
|
Аудан әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Аудан әкімі Олжас Баққараев төрағалық еткен жиында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы талқыланды. Кеңесте алдымен аудандық “Жастар ресурстық” орталығының директоры Жалғас Аруанов ағымдағы жылдың 5 айында ауданда мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы баяндады. Аудандағы жастардың саны - 27 798. Биыл мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша іс-шаралар өткізуге 114 305,0 мың теңге қаражат бөлініпті. -Аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірлесіп, ауыл және ауылдық округтерде мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында
|
|
Толығырақ...
|
|

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Байзақ аудандық сотының ұйымдастыруымен «Жаңа заңның жаңалықтары» атты жиын өтті. Жиынға мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, ақпараттық-насихаттық топ мүшелері және қоғам белсенділері қатысты. Айтулы жиынды аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов ашып, 1 шілдесінен бастап Жаңа Конституцияның заңды күшіне енетіндігін, жаңарған Ата заң мемлекеттің даму бағытын айқындап, еліміздің өсіп-өркендеуіне және алдағы ауқымды
|
|
Обновлено 03.07.2026 11:48 |
|
Толығырақ...
|
|

Домбыра – қазақтың жаны. Оның қос ішегінен төгілген күй – ұлттың тарихын, тағдырын, дүниетанымын, қуанышы мен мұңын бүгінге жеткізген қасиетті үн. Домбыраны қолға алған бала тек күй үйренбейді. Ол туған халқының рухымен тілдеседі, тарихымен қауышады, тамырынан нәр алады. Сондықтан домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес, ұлттың рухани коды. Аудан орталығында орналасқан Кенен Әзірбаев атындағы балалар саз мектебі осы асыл мұраны ұрпақтан - ұрпаққа аманаттап келе жатқан өнер ордасы. Жылдар бойы бұл мектептен ұлттық өнерге адал жүздеген шәкірт қанат қақты. Бүгінде олардың қатарынан белгілі орындаушылар, ұстаздар, дирижерлер мен мәдениет саласының
|
|
Обновлено 03.07.2026 11:43 |
|
Толығырақ...
|
|
Президент Жарлығымен 2018 жылдан бері шілденің бірінші жексенбісі-«Ұлттық домбыра» күні ретінде аталып келеді. Домбыра – қазақ мәдениетінің маңызды болмысы. Домбыра күні – қазақ халқында домбыраны насихаттау, оның музыкалық, тарихи және мәдени маңызы атап өтілуде. Бұл күні қазақтың дәстүрлі әндері мен күйлерін тарту, домбыраның тарихы мен оны жасаған өнер иелері туралы баяндайтын шаралар өтеді. Домбыра күні – ұрпақтардың мәдени мұрасын сақтап, оның байлығын жастарға жеткізу үшін тамаша мүмкіндік. Ауданымыздағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің «Шолпан» ән-би ансамблінің жетекшісі Сәуле Сүйенішбекова 1969 жылы
|
|
Обновлено 03.07.2026 10:53 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 Келесі > Соңғы >>
|