Онлайн газет



АТАЛАР ЕРЛІГІ ЕЛГЕ ҮЛГІ

Отан – белгілі бір адам үшін оның туған елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және оның мәңгі жасауы үшін жан аямай күресіп келе жатқан киелі өңір. Отан – жаны, жүрегі бар кісінің  туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жан-жары, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге бұл өмірде көретін қызығы мен шыжығы деседе болады. Өзі дүниеден өткеннен кейін де ұрпағы мәңгі тәу етер төмпешік те Отанның құшағында.
Адамның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі ешқашанда ұмытылмайды. Осындай қасиетке ие туған Отанын шексіз сүйген азамат ойланбай-ақ от кешуге даяр тұрады. Менің атам, Ұлы Отан соғысының ардагері, Құмжота ауылының мақтанышы Жайдарбек Бұзаубақұлы да Отан үшін от кешіп, туған жері үшін басын бәйгеге тіккен батырлардың бірі. Бүгін сәті түсіп, батыр атам туралы ой толғағанды жөн көрдім.
Әкем Әділбек пен атам Жайдарбек бір әкеден туған бауырлар. Жалпы болмыстары сабырлы, шындық пен ар-ұятты алдыға қоя білген еңбекқор, бауырмашыл кісілер

Обновлено 21.02.2025 11:15
Толығырақ...
 
ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА

Жастар-еліміздің жарқын болашағы. Заң үстемдігі орнаған Әділетті Қазақстанды құру жолында  ел жастарына жүктелген міндеттің ауқымды екендігі айдан анық. Бұл тұрғыда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа адамдар” жастар форумында:
”Біз жұрттан көш ілгері жүретін ел боламыз. Үйренетін де, үйрететін де ұлт боламыз. Жастар барлық өзгерістердің бастауында тұрады” дей келе,  ел үшін адал қызмет ету-жауапкершілік алудан қорықпайтын, батыл азаматтардың қолынан келетін жұмыс екендігін, елімізде жастарға барлық мүмкіндік жасалып жатқандығын атап өтті.
Ауданда бүгінгі күнге 14-35 жас аралығындағы 31578 жас тұрып жатса, олар аудан халқының 29,1% құрап отыр. Орталық алдын ала дайындалған жоспарына

Обновлено 21.02.2025 11:15
Толығырақ...
 
ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЕР

Әрбір ауылда  өзінің еңбекқорлығы, үлкенді үлкендей, кішіні кішідей сыйлай білетін, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары азаматтар болады. Сондай азаматтардың бірі-Диқан ауылында тұратын Әзімбек Ойықбаев қария бүгінде 75 жасқа толып отыр.
Қарияның әрбір сөзі, мәнді, сәнді, мазмұнды, ұрпаққа берер тәрбиесі мол, алары бар маңызды болуы тиіс. Өз әулетін шашу шығармай уысында ұстап, билік жүргізген қартты “қария” деп атайды. Ал ауылының жоғын түгендеп, жыртығын бүтіндеп, азаматын атқа отырғызған, айбынын асырған қарияны “ақсақал” дейді. Халықтың сөзін сөйлеп, намысын жыртып, дау-дамайды ушықтырмай шешіп, рухын бойына сіңірген қарияны “абыз” дейді.
Біз сөз еткелі отырған Әзекеңнің бұған дейін атқарған қызметтері, бүгінгі күні атқарып жүрген істеріне

Обновлено 21.02.2025 11:11
Толығырақ...
 
ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН

Жастар-қоғамның қозғаушы күші. Түрлі жаңа технологияларды тез меңгеретін, жаңашылдыққа дайын болатын, жаңалықтар мен тың идеяларға серпін беретін қоғамның ең өзекті бөлігі жастар екендігі даусыз және де қоғамның ең иілгіш және сенгіш тобы деп айтсақ та артық болмас.
Жастардың діни сауаттылығы – қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастардың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Адам діни сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарасы қалыптасып, кемелдену құбылысы жүзеге асады. Жастардың рухани және діни сауатты

Толығырақ...
 
ДІНИ ФАНАТИЗМ – ҚАУІПТІ ҚҰБЫЛЫС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: “...Радикалды неофиттар халқымыздың салтында жоқ киім үлгілері арқылы да жат діни идеалдарды қоғамға таңуға тырысып жүр. Бұл біздің дәстүрлі ұғымдарымыз бен құндылықтарымызға жасалып жатқан ашық шабуыл екені анық. Біз бабаларымыздың сан мың жылдық діни ілімі мен рухани бағдарына  арқа сүйеуіміз керек. Еліміздің рухани дербестігін сақтап, оны нығайта түсеміз десек, түркі халқының көпшілігінің, соның ішінде қазақтардың дәстүрлі діні-сунниттің бағыттағы ханафи мәзһабына ден қоюымыз қажет...” деп

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2367
mod_vvisit_counterКеше4849
mod_vvisit_counterОсы аптада26954
mod_vvisit_counterӨткен аптада22731
mod_vvisit_counterОсы айда86128
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4343386

Серіктестер