Онлайн газет



ӨРТТІҢ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Күннің қатты ысып кетуіне орай орман-дала алқаптарының аумағында өрттің қауіпті кезеңі басталды. Осы кезеңде құрғақ шөптің, қоқыстың жануына байланысты ауылдық елді мекендерде, орман учаскелерінде және ауыл шаруашылығы алқаптарында өрт саны күрт өседі. Өрттің басым бөлігі бақыланбайтын ауыл шаруашылығы өрттерінің салдарынан, ормандар отты абайсыз пайдалану салдарынан да жанады. Бұл бау-бақша учаскелерін жинаумен (қоқыс пен шөптерді өртеу) және халықтың табиғатқа жаппай шығуымен

Толығырақ...
 
АЛЫНҒАН ЖЕР НЕГЕ ПАЙДАЛАНЫЛМАЙ ОТЫР?

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Олжас Баққараевтың төрағалығымен аппараттық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Асылжан Құрманов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Отырыс алдында аудан әкімі О.Баққараев ұзақ жылдар ауданымызда жауапты қызметтер атқарып, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан Қызыл жұлдыз ауылдық округінде әкім қызметін атқарған Нұржан Құдайбергеновке алғыс айтып, аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Отырыста «Жеке инвестициялық жобаларға берілген жерлердің іске асырылу барысы

Обновлено 04.04.2025 11:25
Толығырақ...
 
БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLIII сессиясы өтті. Сессияға 11 депутат, аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Сессияны аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы депутат Елнұрбек Ермеков ашып, жүргізіп отырды.
Сессияда «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Байзақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы  25 желтоқсандағы №40-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндады.
Баяндамашының айтуына қарағанда бюджеттің кіріс бөлігі жоғары тұрған бюджеттен

Толығырақ...
 
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 20 316 155 АДАМҒА ЖЕТТІ

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша халық саны 20 316 155 адам болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Оның ішінде:
-қала тұрғындары – 12 813 769, ауыл тұрғындары - 7 502 386.
Былтырғы жыл басынан бері халық саны 282 313 адамға өсті.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді.
Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар – Түркістан (2,1 млн.), Алматы (1,5 млн.), Жамбыл (1,2 млн.) және Қарағанды (1,1 млн.).
Айта кетейік, 2050 жылы Астанада халық саны 3,5 млн. адамға жетеді.

 
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ӨТЕДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбековтің төрағалығымен 2025 жылы ауыл шаруашылығы санағын өткізуді ұйымдастыруға байланысты аудандық семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы және аудандық ветеринариялық бөлімдерінің басшылары Еркебай Рсалиев, Еркін Оразов, ауыл, ауылдық округ әкімдері, ауылдық округтердің шаруашылық кітабын жүргізуге жауапты мамандары мен ауылдық округтердің ветеринариялық пункт меңгерушілері қатысты.
Семинарда Болат Сағынбеков 2025 жылдың 1 тамыз – 20 қазан аралығында өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын

Обновлено 04.04.2025 11:14
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1963
mod_vvisit_counterКеше4849
mod_vvisit_counterОсы аптада26550
mod_vvisit_counterӨткен аптада22731
mod_vvisit_counterОсы айда85724
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4342982

Серіктестер