|
Қала түбіндегі Сарыкемер ауылында тұратын Байзақ ауданы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры, сырлас досым Сайлаубек Наурызбаевпен кездескен сайын, уақыт тығыздығына қарамай, кейде көсіле әңгіме шертіп, біраздан бері кеудемізге жиналған ой-пікірімізді бөлісетініміз бар еді. Бірде, көгілдір көктемнің шуақты күндерінің бірінде, ол маған жұмысқа соқты. Аман-саулықтан кейін, көктемнің биыл кешеуілдеп жатқанын, көп іске қолбайлау болып тұрғанын айта келе, ол сөзді тың бір арнаға бұрды: - Сонау ертеректе, яғни 1835 жылы орыстың ұлы ақын-жазушысы Александр Сергеевич Пушкин Еділ-Жайық бойын еркін шарлап, біздің еліміздің Орал өңірінде болғаны тарихтан белгілі. Қазақтың қиыр-шеті жоқ жазық кең даласына сүйсіне қарап тұрып ақкөңіл ақын: «Әр қазаққа қырда бір түп ағаш отырғызу міндет етілсе, жапанда орман жайқалар еді-ау!» деп тәтті қиялға
|
|
Обновлено 09.06.2025 10:42 |
|
Толығырақ...
|
|
Мектеп - тек білім ордасы ғана емес, сонымен қатар мейірім мен тазалықтың мекені. Сол тазалық пен жайлылықтың артында күнделікті көзге көрінбейтін, бірақ аса жауапты еңбек жатыр. Мәдімар ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте еден жуушы болып еңбек ететін Ғалия Құрманова өз кәсібін мінсіз атқаратын жан. Ғалия Бейсеналықызы 1982 жылдың 26 қазанында ауданымыздағы Мәдімар ауылында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы төрт перзентінің күтімімен үйде отырған ол 2017 жылы “Жұмыспен қамту” бағдарламасы арқылы аталмыш мектепке жұмысқа орналасқан. Сол уақыттан бері ол мектептің тазалығына сүбелі үлес қосып келеді. Күнделікті жұмысы – мектеп бөлмелерін таза ұстау, оқушыларға қолайлы жағдай туғызу. Бұл – бір қарағанда
|
|
Обновлено 09.06.2025 10:43 |
|
Толығырақ...
|
|
ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНЫҢ ПЛЕНАРЛЫҚ СЕССИЯСЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Қадірлі қонақтар! Баршаңызбен Астана халықаралық форумында жүздескеніме қуаныштымын! Бүгінгі басқосуға шетел үкіметтерінің басшылары, дипломатия, бизнес және академиялық ортадағы достарымыз бен әріптестеріміз қатысып отыр. Мәртебелі меймандарымызға, атап айтқанда, Руанда Президенті Поль Кагамеге және Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска Давковаға, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсеге, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунға, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің жетекшілеріне, форумның өзге де қатысушыларына шынайы ризашылығымды білдіремін. Форум аясында жаһандық экономика, өңірлік ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да мәселелер жөнінде нәтижелі пікір алмасамыз деп үміттенеміз. Бүгінгі жиын әлемде белгісіздік белең алған кезеңде өтіп отыр. Мұны жолайрық, халықаралық қатынастардағы сын сағаты деп сипаттасақ та болады. Алайда бұл тұжырымды тарихшылардың еншісіне қалдырған жөн. Қазір осы жағдайға қалай жауап беретініміз маңызды. Алдымызда таңдау тұр: қандай шешім қабылдаймыз, қандай құндылықтарды
|
|
Обновлено 03.06.2025 12:41 |
|
Толығырақ...
|
|

“Аmanat” партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімі Олжас Баққараев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар баспана, шаруа қожалығы жеріне тұрғын үй салу, жолға асфальт төсеу, көшеге жарық орнату, көпір салу, қоғамдық көлік, жұмыспен қамту, әр үйге электрондық есептегіш орнату, жер мәселелерімен жүгінді. Мәселен, ардагер ана Сара Билялова Қосақ ауылының аумағындағы шаруа қожалығына қатысты жеріне құрылыс нысанын салуға қатысты ұсынысын айтты. Аудан басшысы Олжас Елебекұлы ҚР Жер Кодексінің 97-бабының 3-тармағына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге
|
|
Обновлено 03.06.2025 12:18 |
|
Толығырақ...
|
|
Өткен аптаның сенбісі күні аудан орталығындағы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына қойылған құлыптас алдында жиын өтті. Онда аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қыдыралы Оралов өткен ғасырдың отызыншы жылдары қазақ жеріндегі зұлматқа тоқталды. Кешегі нәубат жылдарында жазықсыз жала жабылып, қаза болған асыл ерлерімізді еске алудың, бүгінгі бейбіт күннің қадірін білудің маңызын атап өтті. Түрік этномәдени орталығының мүшесі Мехия Раджамов қазақ жеріне еріксіз қоныс аударған этнос өкілдерінің тағдыры мен қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы туралы айтып, мұндай қасірет ешуақытта қайталанбауын тіледі. Бұдан кейін жиналғандар
|
|
Обновлено 03.06.2025 12:15 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 Келесі > Соңғы >>
|