|

Ақпараттық технология сәт сайын түрленіп, көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқанда көштен қалмауға бекінген еліміз де цифрландыру саясатын қолға алды. Бүгінгі таңда қандай оқиға орын алса да, оны сүт пісірім уақыт өтпей-ақ әлеуметтік желіден көретін дәрежеге жеттік. Алдағы уақыттарда жағымды жаңалықтарымыз жиі жарыққа шығуы үшін медиа саласын жандандырудың маңызы зор. Бұл бағытта соңғы бір жарым жыл ішінде өңірде ақпараттық салада қарқын алған оң өзгерістердің нәтижесінде бірқатар аудандарда
|
|
Обновлено 26.06.2025 21:04 |
|
Толығырақ...
|
|
Биылғы жылдың 17-21 маусым аралығында Байқоңыр қаласының 70 жылдығына орай 2014 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан республикалық жарыс өтті. Астана, Көкшетау, Қызылорда қалаларынан ең мықты деген футболшы жастар қатысқан жарыста аудан ғана емес облыс намысын ауданымыздағы №8 Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы қорғады. Жарысқа барлығы 9 команда қатысса, олардың ешқайсысыда осал емес еді. -Байқоңыр қаласы жабық қала болып есептеледі. Біз жарысқа арнайы шақырылған соң жарыстан бұрын қаланы аралап, танысуға мүмкіндік туды. Қала үлкен, таза екен. Балалар қаладан
|
|
Толығырақ...
|
|

Өткен аптаның жұмасында аудан әкімі Олжас Баққараев ауданның бір топ іскер азаматтарымен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі Олжас Елебекұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге инвестиция тартудың маңыздылығын әрдайым айтып, тиісті тапсырмалар беріп отырғандығына екпін сала отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына іскер азаматтардың қосып отырған үлесін атап өтті. Мұнан соң аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қанат Телеуов ауданның инвестициялық көрсеткіштері мен мүмкіндіктері туралы баяндады. Аудан әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, жаңа жұмыс орындарын
|
|
Обновлено 24.06.2025 13:19 |
|
Толығырақ...
|
|

Кеше, аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарын қабылдады. Атап айтқанда, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әбіш Әбітханның әкесі Сейітжан Шораев пен анасы Орынкүл Тоқтарбаеваға, сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Бекжан Досмұратовтың әкесі Қалжан Жұмаділдаев пен анасы Эльмира Алимқұловаға, Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп жүргізуші бас маманы Гүлнұр Ізбасардың әкесі Қондыбай Прманов пен анасы Дарыгүл Мұратбаеваға, Темірбек ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп жүргізуші жетекші маманы
|
|
Обновлено 24.06.2025 13:14 |
|
Толығырақ...
|
|
23 маусым-Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов аудандық полиция бөлімінде болып, сала қызметкерлерін айтулы күнмен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Полиция қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндет - қоғамның тыныштығын сақтау, қылмыстың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қауіпті де абыройлы қызмет жолын таңдаған тәртіп сақшыларына жүктелген міндет ауқымды. Сондықтан ауыр да жауапты міндетті абыроймен
|
|
Обновлено 24.06.2025 13:14 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 Келесі > Соңғы >>
|