|
Бәйтерек ауылдық округінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіптің сақталуы – әкімшілік үшін ең маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Бұл тұрғыда құқық бұзушылықтың алдын алу – біздің күнделікті іс‑әрекетіміздің басты бағыттарының бірі. Құқық бұзушылыққа қарсы күрестің тиімділігі – оның алдын алу шараларында. Округ әкімшілігі, құқық қорғау органдары, азаматтық қоғам өкілдері мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен тұрақты түрде профилактикалық іс‑шаралар
|
|
Толығырақ...
|
|

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес аудан әкімі Олжас Баққараевтың халықпен кездесуі өткен аптаның соңғы жұмыс күнінде Мырзатай ауылдық округіне қарасты Дихан-2 ауылында жалғасты. Ауылдық клубта өткен кездесуге аудан әкімі аппаратының басшысы А.Құрманов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Омаров, тиісті аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары қатысты. Кездесуді ашқан аудан басшысы алдымен аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша айтып, аталған ауылда да ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Барлығы 700-ден астам халық тұратын шағын ауылда осыдан екі жыл бұрын демеушілер көмегімен шағын футбол алаңшасы, ауылға кіре беріске ауыл аты жазылған
|
|
Обновлено 01.08.2025 11:48 |
|
Толығырақ...
|
|

Өткен аптада аудан әкімдігінде аудан әкімі Олжас Баққараевтың төрағалығымен 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындықтың барысы туралы штаб отырысы өтті. Онда «2025-2026 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық барысы туралы» аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қантемір Данебаев баяндады. -Аудан аумағындағы 132 бюджеттік мекеме пештері газбен жылытылса, «Ақтөбе», «Ұшбұлақ», «Багара», А.Пушкин мектептері, «Ақбота», «Айнұр» бөбекжай бақшалары қатты отанмен жылытылады. Олардың ішіндегі 51 қазандық қысқы жылыту маусымына дайындалуда. 24 қазандыққа «Байзақ су», 14 қазандыққа «Жамбыл жылу» мекемелері қызмет көрсетеді. №7 мектеп, «Қосақ», «Ақтөбе», «Багара» мектептеріне қызмет көрсету аудандық білім бөліміне
|
|
Обновлено 01.08.2025 11:47 |
|
Толығырақ...
|
|
«2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысына сәйкес ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылғы 1 тамыздан бастап 20 қазан аралығында жүргізілетін болады. Ауыл шаруашылығы санағы кемінде он жылда бір рет өткізіледі. Қазақстандағы алғашқы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2006-2007 жылдары екі кезеңде жүргізілді. Ауыл шаруашылығы санағының мақсаты – ауыл шаруашылығының жай-күйі, оның құрылымы, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің санаттары, ресурстардың болуы мен пайдалануы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілерінің экономикалық сипаттамалары туралы толық және шынайы деректерді алу. Алынған мәліметтер іріктемелі ауыл шаруашылығы зерттеулерін
|
|
Толығырақ...
|
|
Жылдар жылжып өткенімен Отан үшін, ел үшін қан майданда оққа кеуделерін тосқан айбынды ерлеріміздің өр тұлғасы мен жасаған ерліктері ешуақытта ұмытылмайды. Жеңіс туын желбіретіп, өсіп келе жатқан жас толқынның бақытты келешегі, ашық аспан астында мәңгілік бейбіт өмір үшін қолына қару алып, сұрапыл соғыста жауына оқ болып атылған ерлердің бірі - жерлесіміз Ақәділ Суханбаев еді. Он бес жасында шайқасқа араласып, жиырма бесінде “ақ сауатты, алмас қылышты хас батыр” атанған Қосы батырдың ұрпағы Ақәділ Суханбаев 1920 жылы Жамбыл облысы, Байзақ (бұрынғы Свердлов) ауданына қарасты Қарасу ауылында дүниеге келген. 24 жасында Отаны, елі, болашақ ұрпақтың жарқын болашағы үшін қасық қаны қалғанша шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен оның балалық шағы осы ауылда өткен. Мектепті бітіргеннен кейін, еңбек жолын колхозда бастаған. Жастық шағы сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келген. 1940 жылы Қызыл Армия қатарына алынады. Ұлы Отан соғысында 31-ші Армияның, 174-ші Борисов Қызыл тулы атқыштар
|
|
Обновлено 01.08.2025 11:41 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 Келесі > Соңғы >>
|