Онлайн газет



СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез келген мемлекет үшін ең өзекті проблемалардың бірі десе болады. Осы келеңсіз құбылыс  ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні  бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу - ортақ мәселе екені айқын.
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған кезден бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Сондықтан, қазіргі кезде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Толығырақ...
 
СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ НЕГЕ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫ?

Өткен сейсенбі күні аудан әкімдігінде аудан әкімі Олжас Баққараевтың төрағалығымен аппараттық кеңестің кезекті отырысы өтті. Аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Ақбаев, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысқан отырыста алдымен «Елдімекендердегі спорт алаңшаларының жай-күйі туралы» аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Әділханұлы баяндады.
Ол өз баяндамасында аудан халқына 204 спорт нысандары қызмет ететінін атап өтті. Сондай-ақ бұлардан басқа білім беру саласында 54 спорт алаңдары мен залдарын негізінен біздің оқушыларымыз пайдаланып отырғанын

Обновлено 08.08.2025 17:08
Толығырақ...
 
АБАЙ - ДАНА, АБАЙ - ДАРА ҚАЗАҚТА!

Биыл қазақ әдебиетінің негізін қалаған, қазақтың бас ақыны,  ғұлама, дана, дара тұлға Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Атаның емес, халықтың ұлы болған ақынның мұрасы - әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі саналады.
Ұлт әдебиетінің бастау биігінде тұрған ұлы ақын туралы Жамбыл Жабаев:
Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Қарсы келер Абайдың кім бетіне?- деп жырласа, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов 

Толығырақ...
 
ТАҒЫ БІР ҮЙ БОЙ КӨТЕРДІ

Ауданымызда халық санының жыл өткен сайын көбеюіне байланысты тұрғын үй мәселесі өзекті болып отыр. Былтыр ғана Сарыкемер ауылынан 60 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілген еді. Жақын күндерде екі пәтерлі 20 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ 5 қабатты, 60 пәтерлі тағы бір үй бой көтерді. Мұндағы пәтерлер 1, 2, 3 бөлмелі екен.
Аталған үйді Жамбыл Сырлыбекұлы басқаратын «Ғимарат темір бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысшылары ауылдың күн батыс жағындағы жаңадан соғылған төрт жаңа үйдің жанынан жеке меншік әдісімен соғуда.
-Біз құрылысты маусым айының ортасында бастаған едік. Енді міне өздеріңіз көріп отырғандай екінші қабатты бітіріп, үшінші қабатқа кірісіп жатырмыз. Бізде құрылыс материалдары

Обновлено 08.08.2025 17:03
Толығырақ...
 
ҰЛЫ АБАЙ ЖӘНЕ БІЗ

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»,-деген қазақ даналығы. Биыл ұлы Абайдың туғанына-180 жыл толуы республика көлемінде және түркі халықтарында да кеңінен аталып өтуде.
Абайдың әкесі Құнанбай орта жүз, арғын ішіндегі тобықтыдан шыққан аса дәулетті және қазақ рулары ішінде би-беделді, діндар кісі болыпты. Біздер кеңес заманынан мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімізден Абай өлеңдерін оқып, жаттап өстік. Дегенмен мән-мағынасына, түпкі ойына жете қойдық деп айта алмаймын.
Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда облыстық «Ақ жол» басылымы бетінде «Абай-біздің ұлт ұстазымыз, біз Абайды ұлттық тәрбиеде шамшырақ етіп ұстануымыз керек» деген мағынада мақала жазған едім. Сол мақаланы сақтап қоймағаныма әлі күнге өкінемін. Үйдегі кітап қорында

Обновлено 08.08.2025 16:59
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін4642
mod_vvisit_counterКеше6407
mod_vvisit_counterОсы аптада24380
mod_vvisit_counterӨткен аптада22731
mod_vvisit_counterОсы айда83554
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4340812

Серіктестер