
Мәдениеттіліктің нышаны
Аудан әкімінің сонау шалғайдағы Көптерек, Темірбек ауылдық округтері тұрғындары алдындағы есебі, кестеге сәйкес, өткен аптаның соңына тура келді. Аудан өмірінің әрбір саласы жан-жақты қамтылған баяндамамен қатар арнайы дайындалған түрлі-түсті слайдтар арқылы салыстырмалы түрде есепті
мерзімде атқарылған жұмыстар түсінікті және қарапайым тілде баяндалды. Аудан басшысының есепті баяндамасынан соң, сөз алған ауыл азаматтары ең алдымен ауданда атқарылған істерге және болашақ жоспарлар туралы мағұлматқа қанық болғандықтарын айтып, алғыс сезімдерін білдірді. Өздерін толғандырып жүрген көкейкесті мәселелерді, ұсыныс-пікірлерін, сын-ескертпелерін айтты. Осы ретте атап өтуге тұрарлық жәйт, ауыл азаматтарының бір кезеңдердегідей бірін-бірі қайталамай, тұрғындар атынан бірлі-екілі азаматтардың, алдын-ала келісе отырып көпшілікке ортақ, түйінді мәселелерді көтеруін мәдениеттіліктің нышаны ретінде қабылдадық. Мәселен, Кеңес ауылынан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Ермаханбетовтың жалпы ауылдың әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани өміріне байланысты алаңдаушылық танытуы, ал темірбектік азаматтардың атынан сөз сөйлеген А.Халықов, зейнеткер А.Байғұттиев және ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы М.Садырқұловтар тұрғындарды мазалап отырған негізгі мәселеге назар аударып, нақты жауабын сұрады. Ауылдағы демографиялық жағдайдың төмендігін,кейбір сала (медицина) мамандарының ауылда тұрақтамау салдарын аталмыш елдімекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен байланыстырған Б.Ермаханбетовтің сауалына аудан басшысы бұл бүгінгі таңда бүкіл әлемде орын алып отырған жаһандану (урбанизация) процесінің, нарықтық экономиканың табиғи заңдылығы екендігін егжей-тегжейлі түсіндіріп, алдағы стратегиялық жоспарлар туралы пікір білдірді. Ал темірбектіктердің ауылды газдандыру мәселесіне байланысты түсінбеушіліктің туындауына облыстық «Ақ жол» газетінде (сенбі 01.02.2014 ж.) жарық көрген мақала себеп болған көрінеді. Мәселенің мән-жайына аудан әкімі М.Шүкеев, аудандық мәслихат хатшысы Н.Үкібаевтар тереңірек тоқталып, түсінік берді. Бұдан бөлек аудан әкімі аталмыш ауыл тұрғындарының балабақшадағы орынның, ағын судың, дәрігер маманының жетіспеушілігі, АІІБ-нің қызметіне, ауылдағы көрсетілуге тиіс алғашқы жедел медициналық көмектің сапасына байланысты, тегін дәрі-дәрмек, әлеуметтік көмек көрсету, құм жиегіндегі малшылардың жағдайы, каналдардың тазалығы, ауылға барар тас жолын қардан тазалау, имандылық мәселелеріне байланысты көтерген сұрақтардың бір бөлігіне осы тұста нақты жауабын берсе, кейбіреулерінің қосымша зерттеп-зерделеуді талап ететіндігі айтылып, тиісті бөлім, мекеме басшыларына тапсырмалар берді. Кездесулерді қорытындылау барысында Мұратхан Жүнісәліұлы ауданның қол жеткізген жетістіктерінде әрбір азаматтың қосқан үлесі барлығын айтып, оларды Елбасының қазақстандықтар алдына қойған ұлы мақсаттарымен міндеттерін жүзеге асыруда біріге атсалысуға шақырды.
Жан-жақты қамтыған есеп
Аудан әкімінің есеп беру жиындары дүйсенбіде Дихан, Түймекент елдімекендерінде жалғасын тапты. Жуықта күрделі жөндеуден өткен Дихан ауылдық клубына жиналған ауыл тұрғындары аудан әкімінің есебін мұқият тыңдады. Есепті мерзімде атқарылған жұмыстардың және үстіміздегі жылғы әрбір ауылдық округ бойынша жасалған жоспарлардың жан-жақтылығы мен ауқымына риза болған ауыл азаматтары аудан басшысына өз алғыстарын білдірумен қатар, көкейлерінде жүрген сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізді. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Бейсенбеков бастаған бір топ ауыл азаматтары ауылдың күнделікті өмірінен сыр шертіп, өз шешімін күткен бірқатар мәселелерді атады. Олардың қатарында - ауылдық емхананың жұмысына көңілдері толмайтындығы, сырттан келетін сала мамандарына арналған тұрғын үйдің жоқтығы салдарынан олардың ауылда тұрақтамауы, ауылдық пошта бөлімшесінің жұмысы, елдімекенге тартылған ауыз судан тиімді пайдалану, көшені жарықтандыру, сондай-ақ ауылдық мешіттің жұмысына қатысты мәселелерді атауға болады. Қойылған сұрақтар, көтерілген мәселелерге қатысты өз жауабын берген Мұратхан Жүнісәліұлы ауылдық емхананың атына айтылған кейбір фактілерге байланысты аудандық аурухананың бас дәрігері Р.Сапарбековке мәселенің анық-қанығын анықтауды, дәрігер мамандарының жетіспеушілігін үнемі бақылауда ұстауды, кейбір басқа да ауылдарда емханаларға қатысты айтылып жүрген шағымдарға байланысты сала мамандарымен функционалдық міндеттері бойынша жиындар өткізуді табыстады. Ауылдық пошта қызметіне байланысты оның басшысы М.Нұрумбетова түсінік берді. Жиынды қорытындылай келе, аудан әкімі ауыл тұрғындарын ауылдық округ бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесі және үстіміздегі 2014 жылға бұл округ елдімекендерінде атқарылуға тиіс жұмыстар, оларға бюджеттен бөлінген қаржы көлемі туралы мәлімет берді. Атап айтар болсақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Аймантөбе ауылының (Центральная) көшесін жарықтандыруға – 1,4 млн. теңге, Дихан ауылындағы (Күзенбай атындағы) көшені көгеріштендіру жұмыстарына - 1,2 млн. теңге, Дихан – Жеңіс бағытындағы жолды жөндеу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен-73 млн.теңге, мектеп оқушыларын тасымалдауға – 2 млн. теңге көлемінде қаражат қаралған.
Алғыстарын айтты
Түймекент ауылындағы мәдениет үйіне жиналған тұрғындар саны көп болды. Баяндама барысында аудан өмірінің барлық салалары толығымен қамтылып, сарапталып, орын алған кейбір әттеген-ай дейтін кемшін тұстары да ашық айтылған, сонымен қатар аудан және ауылдық елді мекендерде атқарылуға тиіс жұмыстар ауқымы, бұл мақсаттарға бөлінген қаражат т.б мағлұматтар тұрғындарға таныстырылды. Мұнан кейін мінбеге көтерілген Т.Ашимов кезекті есептің мазмұндылығы мен жан-жақтылығына тоқталып, “қанағаттанарлық” деген бағасын берді. Бұдан соң ауыл еңбеккерлері атынан аудан басшысына көп жылдардан бері көкейкесті мәселеге айналған ағын су мәселесінің шешімін табуына ықпал жасағаны үшін алғысын айтып, ауыл қариясы ретінде, ауылдастарын жас мемлекетіміздің жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етуге үндеді. Ретімен сөз кезегін алған ауданның Құрметті азаматы О.Бозай байырғы ардагер ұстаз ретінде, ауыл мектебінің түйінді мәселелеріне қатысты өз ойларымен бөлісіп, қолдау көрсетіп отырған аудан басшысына рахметін айтты. Ал ауған соғысының ардагері Б.Иманов көп мөлшерде жауған қардың салдарынан туындаған қиындықтарды алға тарта отырып, ауылға арнайы техниканың қажеттілігін айтты. Оған қоса биыл Ауған со ғысының аяқталғанына 25 жыл толуына орай, ардагерлер қауымына айрықша көңіл бөлінсе екен деген тілегін жеткізді. Тұрғындар тарапынан ауылдық пошта қызметіне байланысты туындыған сұрақтарына аудандық пошта торабының басшысы М. Нұрумбетова жауап берді. Кездесу барысында айтылған ой-пікірлер, сын-секертпелер, өтініш-тілектер, қойылған сұрақтарға жауап берген Мұратхан Жүнісәліұлы жиынды қорытындылай келе, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді, облыс басшылығының алға қойып отырған талаптарын, сонымен қатар ауданның әлеуметтік –экономикалық жағдайын жақсартуда әрбір азаматты үлес қосуға шақырды. Р.S. 2014 жылы аталмыш ауылдық округ аумағында атқарылуға тиіс (жоспарланған) жұмыстар және бұл мақсаттарға бөлінген қаражат мөлшері төмендегідей: - «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Түймекент ауылындағы Қонаев атындағы көшесін жарықтандыру жұмыстарына – 624 мың теңге; - «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Түймекент ауылындағы Қонаев атындағы көшеде балалар алаңын салу жұмыстарына – 5 млн. теңге. - Қоқыс шығару және кездейсоқ қоқыс орындарын жою жұмыстарына – 1 млн. теңге; - Түймекент ауылының ауыз су жүйесінің құрылысына – 222,2 млн. теңге (республикалық бюджет есебінен); - Ақжар ауылының ауыз су жүйесінің құрылысына – 200,4 млн. теңге (республикалық бюджет есебінен); - Ақжар ауылындағы Абай атындағы көшенің (0,6 шақырым) жобалық –сметалық құжаттарын әзірлеуге – 134 мың теңге (аудандық бюджет); - Ақжар ауылындағы Абай атындағы көшенің (0,6 шақырым) жөндеу жұмыстарына – 2 млн. теңге (аудандық бюджет) бөлініп отыр.
Оценка - положительная
Встречи с населением, на которых аким района М.Шукеев отчитывался по итогам 2013 года и рассказывал о планах на 2014 год, близятся к завершению. На днях аким района встречался с жителями Кызылжулдызского сельского округа. Отчёт проходил в клубе села Кызыл жулдыз. Аким района начал своё выступление, остановившись на значимости программного документа – Послания Президента страны народу Казахстана «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее», которое основано на анализе достигнутого и перспективах предстоящего, а главное – предполагает совместный выбор общих целей: устойчивости и успеха в развитии нашего государства, повышения благосостояния казахстанцев. Выступая перед населением, глава района М.Шукеев подчеркнул, что в 2013 году в социально-экономическом развитии региона наблюдается позитивная динамика, о чём свидетельствуют показатели, приведённые им в докладе. - Общий объём производства в сельском хозяйстве в районе в прошлом году составил 15,1 млр. тенге (тогда как в предыдущем году он составлял 12,2 млр. тенге, что выше на 5,6 процентов). Также в отчёте нашли отражение вопросы районного бюджета, водообеспечения, благоустройства и озеленения населённых пунктов, ремонта дорог, жилищного строительства, развития малого и среднего бизнеса, развития спорта, культуры и т.д. Аким района говорил о проектах, реализованных по программе «Занятость -2020», «Дорожная карта бизнеса-2020», «Сыбага», число которых увеличивается с каждым годом. Информировал относительно средств, выделенных на строительство дорог, возведение и реконструкцию объектов водо- и газоснабжения, на поддержку аграриев и животноводов. Одним словом, отчёт акима был содержательным и не обошёл стороной ни один вопрос, касающийся жизнедеятельности района. По окончании отчётного доклада сельские жители задали главе района волнующие их вопросы, высказали просьбы и предложения. Большинство из озвученных вопросов касалось социальной сферы, объектов культуры, освещения улиц, питьевой воды и т.д. В частности, выступивший председатель совета ветеранов А.Дусумбаев высказал пожелание, провести освещение по улице Апатаева, которая находится как раз при въезде в село со стороны города и о проведении питьевой воды в той части села, где её нет. Три четверти села Кызыл жулдыз сегодня пользуются водопроводом, а часть лишена такой возможности. На что аким района пообещал: в этом году будут выделены средства для составления проектно-сметной документации для проведения питьевой воды. Жительница села Н.Куанышбаева сказала о том, что отделение почты села не подключено к газовому отоплению, хотя всё подведено. И ещё, что её очень волнует безработица среди молодёжи. Член совета ветеранов А.Билдебаев также высказался по поводу питьевой воды, просил ускорить реализацию проектов по снабжению здешних жителей качественной питьевой водой и в заключение дал положительную оценку работе районного руководства. Надо отметить, что в ходе отчётной встречи со стороны жителей не прозвучало ни одного критического замечания относительно деятельности акима района.
Кезең-кезеңімен іске асырылады
Өткен жылдың қорытынды есебін баяндау үшін сейсенбі күні аудан әкімі М.Шүкеев Суханбаев ауылдық округіне ат басын бұрды. Жақаш ауылындағы ауылдық клубқа халық көп жиылыпты. Олардың алдында аудан басшысы 2013 жылда жасалған істерді әңгіме қылып, келер 2014 жылдың жоспарына енгізілген шараларды атап өтті. Биылғы Жолдауда «Мәңгілік ел» идеясы міндет етіп қойылғанын тілге тиек еткен М.Шүкеев, көпшіліті құжаттағы мақсат-міндеттерді орындауда жұмыла жұмыс атқаруға үндеді. Әр саладағы жетістіктер санмен, деректермен, мәліметтермен жеткізіліп, экраннан ел назарына ұсынылды. Әсіресе, әкім білім сапасын жақсарту, денсаулыққа ден қою, Жолдауда басымдық берілген мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созу, жолдарды жөндеуге бөлінген қаражат, оның игерілу деңгейі және түрлі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, қылмыспен күрес шараларына ерекше тоқталды. Спорттағы жетістіктер, мәдениетке қатысты мәнді тірліктер, аға буын мен жастар жайы баяндамада толық қамтылды. Жиын барысында аудан басшысы елдегі ең ауқымды шараларға бас болып, ағалық ақыл-кеңестерін айтудан жалықпайтын, ұл-қыздарды ұқыпты етіп тәрбиелеуге үлкен үлестерін қосып жүрген қазыналы қарияларға айрықша алғыс білдіріп, елдімекенімізді өркендетуге бағытталған 2011-2015 жылдарға арналған кешенді бағдарламаның негізінде атқарылған жұмыстар туралы, келешекте қолға алынатын іс-шараларды да айтып өтті. Мұратхан Жүнісәліұлы Суханбаев ауылдық округіне қатысты тірліктерді де егжей-тегжейлі баяндап берді. Жер, көлік, мүлік салықтарын өз деңгейінде орындап отырған бұл елдімекенде мал басын ұлғайтуда да алға жылжушылықтар байқалады. Деседе «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын пайдалануға ниет білдірушілердің аздығынан, аталмыш жоба бойынша елдімекенде бірде бір шара атқарылмапты. Осы бойынша жұмысты күшейту жөнінде ауылдық округ әкімшілігіне тиісті тапсырмалар бере отырып, аудан басшысы тұрғындар тарапынан туындаған проблемаларға назар аударды. Ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Ә.Қосыбаев ағын су тапшылығы, Суханбаев орта мектебінің шатырын жаңалау жағдайларына мән беруді сұраса, жастар тәрбиесіне тікелей әсері бар – ауылдық жерлерден спорт кешендерін құру, кітапхана ашу проблемаларын алға тартты. Елбасы Жолдауы көптің көңілінен шыққанын айтып, аудан әкімінің есепті баяндамасына ауыл халқы қанағаттанатындығын жеткізді. Жиын соңында әдеттегіше ел-жұртты мазалаған проблемаларға қатысты аудан әкімі М.Шүкеев және тиісті бөлім басшылары жауап қатып, барлық жағдайлар қаражатқа келіп тірелетіндігі, сондықтан кез-келген көкейкесті мәселелер кезең-кезеңімен іске асырылатындығы айтылып өтілді.
Аудан басшысына батасын берді
Аудан әкімінің жыл бойы атқарылған жұмыстар жайындағы соңғы есепті жиындарының бірі Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі Амангелді орта мектебінде болып өтті. Жиынға Көкбастау, Тегістік, Жаңатұрмыс, Жібек жолы ауылдарының тұрғындары мен ұстаздар қауымы қатысты. М.Шүкеев мұнда да өткен жылдың өркенді істерінен ақпарат беріп, келер жылдардың келелі жоспарлары турасында әңгіме өрбітті. Өз баяндамасында сан саланы қамтыған аудан әкімі елдімекеніміздің бас жоспарын жасаудағы жұмыстар төңірегінде сөз қозғап, халықтың тұрғын үй салуда сапаға баса назар аудару керектігін ерекше атап өтті. Ауылшаруашылығындағы ауқымды тірліктер, мал басын арттыру бойынша жасалып жатқан жұмыстар, ауыл жолдарын жөндеу, сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары, демалыс орындарын қалыпқа келтіру, өңірімізді абаттандырып, көгеріштендіру негізінде жасалған тірліктер әкім баяндамасында ашық айтылды. Мұртхан Жүнісәліұлы ауданымызда оннан аса ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандығын ауызға ала отырып, бірлік пен берекенің арқасында асқан асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізді мақтанышпен сөз етті. Кезек сұрақ-жауап кезеңіне берілгенде, Тегістік ауылының тұрғыны Ә.Досболов аталмыш ауылға газ кіргізу, қоғамдық көлік қатынасын реттеу сынды мәселелерге басшылықтың назар аударуын сұраса, Жібек жолы ауылының тұрғындары ауыз суға қатысты, шағын балабақша, спорт кешенін ашу, ал, Қайнар разъездінің халқы медициналық тірек салу, электр энергиясының тапшылығы турасында қордаланған проблемаларды атап өтті. Жиын барысында бұдан бөлек «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жастарға берер көмегі жөніндегі және Жаңатұрмыс ауылы тұрғындары атынан ауылда қуаттылығы жоғары трансформатор орнату туралы жазбаша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Келелі кездесудің соңында баяндамаға өз бағасын берген ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Ә.Досболов халықтың қамын ойлап, күн-түн демей жұмыс істеп жүрген Елбасы бастаған ел ағаларына ризашылығын білдіріп, аудан басшысына аталық ақ батасын арнады.
Өз тілшілеріміз.
Фото: А.Алдабергенов.
|