Онлайн газет



ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА РАДИКАЛДЫ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ - ОРТАҚ МІНДЕТ

Адамзаттың дінсіз тарихы да, мәдениеті де болмаған. Қандай халық болмасын оның тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру тәртібі, тәрбие жүйесі діни санамен байланыста болғаны шындық. Діннің адамзат баласының тарихында алатын орны да ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Сонымен қатар дінге деген көзқарастар да әр дәуірде, әр қоғамда әртүрлі болып келген. Сол үшін сан алуан діндердің өткені мен бүгінгі жағдайы, олардың өзіндік ерекшеліктері, діннің адамзат тарихы мен мәдениетіндегі маңызын танып білу әрбір адамзатқа рухани қажеттілік.
Ұлтымыздың жан дүниесі, рухани құндылықтары, табиғи сенімдерімен барынша

Толығырақ...
 
СОТ АЛДЫНДАҒЫ ТЕҢДІК – ӘДІЛДІКТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ

Әділдік – мемлекеттің ең асыл құндылығы. Ал сот алдындағы теңдік – сол әділдіктің өзегі. Заң үстемдік еткен қоғамда әрбір азаматтың құқығы қорғалып, барлығының сот алдындағы мәртебесі тең болуы шарт.
Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп нақты жазылған. Бұл қағида – қоғамда әділдік орнатудың басты кепілі. Азаматтың әлеуметтік жағдайы, қызметі, байлығы немесе таныстығы сот төрелігіне ықпал етпеуі тиіс. Сот процесі тек заң мен дәлелге сүйеніп, шешім қабылдайтын бейтарап алаң болуы

Толығырақ...
 
“ПАРЛАМЕНТТІ РЕФОРМАЛАУ, БҰЛ – СЕНАТТЫ ТАРАТУ ДЕГЕН СӨЗ ЕМЕС”

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ПАРЛАМЕНТТІК РЕФОРМА ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Құрметті жиынға қатысушылар!
Бүгін біз Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысына жиналдық. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада арнайы Жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым. Бүгін, міне, бірінші отырысымызда Парламенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері бар. Бәрі де елге танымал азаматтар, түрлі саланың мамандары. Тағы да қайталап айтқым келеді: Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей

Обновлено 17.10.2025 13:41
Толығырақ...
 
ЖҮГЕРІНІҢ ӘР ГЕКТАРЫНАН 72,0 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛЫНУДА

Биылғы жылы аудан бойынша 2140 гектарға дәндік жүгері егілген еді. Бүгінде аудан әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша 1950 гектар жердің жүгерісі жиналып, одан 14040 тонна өнім алынды. Ал бұл әр гектардан алынған өнімнің  72,0 центнерден айналғанын көрсетіп отыр.
Аудандағы 17 ауыл, ауылдық округтер жүгеріні түгелдей ексе, олардың 11-і жиын-терінді ойдағыдай аяқтады. Олардың арасында

Обновлено 17.10.2025 13:37
Толығырақ...
 
АВТОБУС ПАРКІ 24 КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ

Тараз қаласына сыйымдылығы 90 орындық 24 жаңа автобус жеткізілді.
Тараз қаласы әкімдігінің мәліметінше, сатып алынған автобустардың 14-і №50 бағытта қызмет көрсетеді. Бұл бағыт Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер ауылынан басталып, «Ауыл-Береке» базары, Төле би, Жамбыл даңғылдары, Сүлейменов, Тұрысов, Шостакович және Б.Момышұлы көшелерін қамтиды. Автобустардың қозғалыс жиілігі-13 минут.
Ал қалған 10 автобус №3 бағытта жүреді. Бұл бағыт Шайқорық, Танты алқаптарынан басталып, «Ұлы Дала» шағынауданы, Сүлейменов, Желтоқсан, Төле би, Б.Момышұлы, Шостакович, Саңырақ батыр көшелерін қамти отырып, «Арай», «Арай-2» шағынаудандары мен «Бәйтерек» шағынауданындағы

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2753
mod_vvisit_counterКеше6853
mod_vvisit_counterОсы аптада9606
mod_vvisit_counterӨткен аптада22731
mod_vvisit_counterОсы айда68780
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4326038

Серіктестер