Онлайн газет



Аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы Шүкеевтің білім саласы қызметкерлерін мұғалімдер күнімен құттықтауы

Құрметті ұстаздар!
Сіздерді қоңыр күздің тамаша мерекесі – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің өскелең ұрпаққа берген ұлағаттарыңыз әр оқушының жандүниесіне жарық сәуле болып құйылып, жүрегіне ізгілік нұрын ұялатады. «Ұлағаттың ұстасы»-деген теңеулер тек ұстаздарға арналғандығы ақиқат.
Мектеп пен ұстаз-білімнің қайнар көзі, тәрбие-тәлімнің дара орталығы. Білім-тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымыздың, Елбасы межелеген алғашқы 30 мемлекеттің қатарына қосылудың басты алғышарты. Білім саласының мақсаттары мен нысандары, білім мен тәрбие берудің әдістері мен талаптары сан рет өзгеріп жатқанымен Отанымыздың өрелі азаматтарын қалыптастырудағы мұғалімнің алатын маңызды орыны еш уақытта өзгермек емес. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады». Сондай тәрбиелі де білімді ұрпақты қалыптастыру сынды жауапкершілігі өте зор міндеттің ұстаздар қауымына жүктелуі осы мамандықтың қаншалықты қастерлі екенін айғақтайды.
ХХІ ғасыр-бұл ақпараттық, технологиялық мәдениеттің дәуірі. Егеменді еліміздің болашағы – білімді ұрпақтың қолында десек, өркениет көшіне ілесу - баланың бойына ұлттық құндылықтың нәрін сеуіп, тәуелсіздігі мен бірлігі мызғымайтын еліміздің айтулы азаматын қалыптастырып өсіру ұстаздардың мәртебелі міндеті. Сондықтан да Сіздер-ұстаздар қауымы елге елеулі, халыққа қалаулы, қадірлісіздер.
Қымбатты білім саласының қызметкерлері!
Баршаңызға мерейлі мереке күні мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңыздың амандығын тілей отырып, еліміздің, ауданымыздың атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін демекпін.

 
Қадірлі ардагерлер!

Сіздерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Уақыт пен ұрпақты жалғастырған, күздің салқын күндерінде жылуын шашқан бұл мереке үлкендерді құрметтеп, қамқорлық көрсететін халқымыздың ежелгі дәстүрін насихаттайды.
“Қарты бар үйдің – қазынасы бар”. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі. Сіздер ақылман, данагөй тұлға, саялы бәйтерексіздер! Адам ұрпағымен мәңгі жасайды. Бүгінгі күн-кешегінің жемісі, ертеңгінің өркені.
Қымбатты ардагерлер!
Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз  үшін шынайы алғысымды білдіреміз. Баршаңызға мықты денсаулық, сәттілік пен ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт, береке, бірлік тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Аудандық мәслихат хатшысы             Н. Тлепов

 
Өзекті мәселеге арналған семинар

Осы аптаның дүйсенбісінде  тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында  үстіміздегі жылдың 26-27 қыркүйегі күндері Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы облысымызда іссапарда болып, екі күн бойы

Обновлено 03.10.2016 16:00
Толығырақ...
 
ЕЛОРДАЛЫҚТАР ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНГЕН КҮН

М.МАНЕКЕЕВ,
“Ауыл жаңалығы”.

Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі. Далалықтарға да, қалалықтарға да тиімді шара. Онда арзан әрі сапалы өнім ұсынылады, делдалсыз сауда жүреді.
Өткен сенбі мен жексенбіде елордамыз Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. Аталмыш шараға біздің байзақтық ауыл шаруашылығы тауарын

Толығырақ...
 
Удерживая баланс цен

В рамках партийного проекта «Айкын тариф» - «Прозрачный тариф» в Сарыкемерской средней школе прошла встреча по разъяснению населению тарифной политики.
Встреча состоялась с представителями государственных органов и коммунальных предприятий по вопросам тарифообразования, организатором которой был Байзакский филиал партии «Нур Отан». 
В мероприятии приняли участие

Обновлено 03.10.2016 15:57
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін166
mod_vvisit_counterКеше3385
mod_vvisit_counterОсы аптада6746
mod_vvisit_counterӨткен аптада20716
mod_vvisit_counterОсы айда50422
mod_vvisit_counterӨткен айда109834
mod_vvisit_counterБәрі4525492

Серіктестер