Онлайн газет



АСА ТАРТЫСТЫ ӨТКЕН ЖАРЫС

Өткен аптада Үлгілі орта мектебінде  ауыл әкімшілігі мен ауылдағы спорт нұсқаушысы Айбек Шаухаровтың ұйымдастыруымен қыздар арасында волейболдан жарыс өтті. 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға ауылдағы Жақыпбай, Исмайыл аталар атындағы көшелер, Үлгілі орта мектебі, ауыл әкімшілігі, ауылдық дәрігерлік амбулатория командалары қатысты. Әр командада 18 жастан жоғары 4 қыз 2 ұлдан ойнады.
Жарыстың ашылу салтанатында округ әкімі Мейіржан Досмұратов пен ауылдық қоғамдастық төрағасы Ержан Тезекбаев қыздарды мерекелерімен құттықтап, жарыс жолында жеңіске жетулеріне тілек білдірді.
Жарыс өте тартысты өтті. Спортшы қыздарымызға жанкүйер болғандарда көп болды. Нәтижесінде барлық қарсыластарынан басым түскен Жақыпбай ата көшесі командасы бірінші орынды жеңіп алды. Ал Үлгілі ауылдық дәрігерлік амбулатория мен Үлгілі орта мектебінің командалары екінші, үшінші орындарды бөлісті.
Жеңімпаз командаларға медаль, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Ал жекелеген ойыншылар арасынан Жадыра Өтеуова, Әйгерім Бердіқұлова (Жақыпбай), Маржан Сапарова  (дәрігерлік амбулатория), Гүлмаржан Жүнісбекова (мектеп), Ғазиза Байшиева (әкімшілік), Ақбота Елеусіздер (Исмайлов) жақсы ойын өрнегін көрсетіп, грамота, демеушілер тарапынан дайындалған сыйлықтарға ие болды.
Жарыс қорытындысында ауыл ағасы Бақытқұл Мырзабаев жеңіске жеткен командаларды құттықтап, оған қатысқан волейболшы қыздарға алғыс айтты. Сондай-ақ алдағы уақытта да осындай қызықты да, тартысты жарыстар өз жалғасын таба беруіне тілек білдірді.

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін361
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1550
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40551
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247937

Серіктестер