Онлайн газет



ЖАНЫ ЖОМАРТ АЛМАЗ

Қасиетті Рамазан айында  жер-жерлерде өткізіліп жатқан қайырымдылық акциясы қоғамның әлеуметтік әлжуаз топтарын, оның ішінде, ауыл тұрғындарын, қарттар мен соғыс және еңбек ардагерлерін,

мүгедектерді, жетім балалар мен көпбалалы отбасыларын, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларын, жұмыссыздарды әлеуметтік қолдауға негізделген  болатын. 
Айлардың сұлтаны Рамазанның  соңғы күндері сауабы мол шаралардың бел ортасында болып,  қоғамда әлі де көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын беруді мақсат еткен  мәрт азаматтардың бірі - Сарыкемер ауылындағы «Шипагер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тіс дәрігері Алмаз  Болшебеков қашанда үлкенді құрметтеп, жақсының шарапатын алғандығын көрсетті. Аудан аумағында өз ісінің хас шебері атанған Алмаз  Іңкәрбекұлы мейірмандылықты   паш еткен   шараларға қатысып, тағдырдың тауқыметін арқалап, қиындықты қара нардай көтеріп жүрген қамкөңіл жандарға қол ұшын беруде өзгелерге өнеге танытып келеді.
Алмаз Іңкәрбекұлы орта мектепті бітірген соң алғашында Алматы  облысы Талғар қаласындағы медициналық колледжінің “Тіс дәрігер” мамандығын бітірген соң  еңбек жолын Сарыкемер ауылындағы Байзақ шаруашылық есеп емханасында, содан кейін “Арай-Дент” мекемесінде тіс дәрігері болып   еңбек еткен.2004 жылдан бүгінгі күнге дейін “Шипагер” ЖШС-де тіс дәрігері болып жемісті қызмет атқарып келе жатқан ол 1997 жылдан бері аудан аумағында тұратын  көмекке мұқтаж азаматтар мен көп балалы отбасыларына   азық-түлік немесе ақшалай көмек  беруді дәстүрге енгізген екен. Үстіміздегі жылы да   жаны жомарт азамат көп балалы отбасылар:  М. Қыпшақбаева, Т. Молдатаев, Н. Құдайбергенова  секілді   жеті отбасында болып, олардың әрқайсысына  азық-түлік өнімдері салынған  дорбаларды табыс етті. Мұнымен қатар жаны жайсаң Алмаз  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүгедектерге де  қол ұшын беруді өзінің азаматтық парызы санайды.
Қайырымдылық шарасының шапағатын көрген отбасылар   қазақтың қанында бар қайырым жасау қасиетінің бүгінгі ұрпақ бойынан табылып жатқандығына риза болып, мейірімділік шуағын шашқан Алмаздай азаматқа жүректерінен шыққан алғыстарын жаудырды.
Жақсылық жасап, өзгені қуанту, сауапты істердің басы-қасында болуды жаны сүйетін азаматтарды көрген сайын  ардақты пайғамбарымыздың  (с. ғ.с) “Ей, адамдар, ұлы да қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті.
Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар.
Аллаһ сол қасиетті айдың күндізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды.
Бұл айда үлкенді-кішілі жақсылық жасаған адам басқа  айларда бір парызды орындағандай сауап алады.
Бұл ай-жәрдемдесу айы” деген сөздері ойға оралады. Шапағаты ұшан теңіз, нығметтің қадірін біліп, Алла тағалаға біртабан жақындайтын,  жасалған ғибадаттардың сауабы он есе артық берілетін Рамазан айында ізгілігі мол іске сүбелі үлес қосу кез келген-мұсылманның міндеті екендігін ескерсек Алмаздай  (суретте) азаматтың игілікті істен шет қалмай, өзгелерге үлгі көрсетіп отырғаны біздің қуантып тастады.
Өз тілшіміз.

 

Обновлено 29.08.2012 15:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін409
mod_vvisit_counterКеше675
mod_vvisit_counterОсы аптада2806
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда8320
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1091857

Серіктестер