Онлайн газет



СУБСИДИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Соңғы жылдары Елбасы  тапсырмасымен  ауыл шаруашылығына баса мән берілуде. Бұл әрине көңіл қуантарлық іс. Дегенмен, егемен елдің ауыл шаруашылық

саласын өз деңгейінде дөңгелету оңай шаруа емес. «Көш жүре түзеледі» демекші, бұл салада алға басып, жаңа белестерге жету үшін заманауи заңнамалар мен ережелер бекітілуде. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіліп отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 Қаулысы бекітілгені белгілі. Осыған орай Жамбыл облысы әкімдігінің үстіміздегі жылдың сәуір айында «Жамбыл облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары» туралы қаулысы қабылданды.
Онда, атап айтқанда, аймақтық ғылыми негізделген агротехникаларды сақтай отырып, өсірілген масақты дәнді дақылдардың 1 гектарына бюджеттік субсидиялау нормасы 800 теңге, масақты дәнді дақылдарға (базалық бюджеттік субсидиялау нормасы) 400 теңге, дәндік жүгеріге 4 000 теңге, майлы дақылдарға 3 000 теңге, қытай бұршағына 10 000 теңге, қант қызылшасына 60 000 теңге, картопқа 10 000 теңге, көкөністік бақша дақылдарына (қорғалған топырақ жағдайындағы көкөніс дақылдарын қоспағанда) 5 000 теңге, жем-шөптік дақылдарға (өткен жылғы егілген бұршақты көпжылдық шөптерді қоспағанда) 800 теңге, екінші және үшінші жылғы бұршақты көпжылдық шөптерге 400 теңге, сүрлемдік жүгеріге 800 теңге, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімдіктерге 2 000 теңге және де қорғалған топырақ жағдайындағы көкөніс дақылдарына (бір айналымына) 1 300 000 теңге бөлінген болатын.
Осыған байланысты аудан әкімдігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметтеріне сәйкес аудан аумағы бойынша  360 шаруа қожалықтары, (оның ішінде үш СПК, бір жеке кәсіпкер, бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар), басым ауыл шаруашылығы дақылдары мен көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған жалпы сомасы 66 230 950 теңге көлеміндегі субсидияларға қол жеткізген.

 

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 20.08.2012 10:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін39
mod_vvisit_counterКеше627
mod_vvisit_counterОсы аптада1688
mod_vvisit_counterӨткен аптада3329
mod_vvisit_counterОсы айда9638
mod_vvisit_counterӨткен айда12548
mod_vvisit_counterБәрі1027670

Серіктестер