Онлайн газет



Имамның үлесі

«Қарапайым, қайырымды, таза, шыншыл, құдайшыл, әділетті, ержүрек,

мейірімді болып қала бер және өз міндеттеріңді адал атқар. Не нәрседе болсын ақыл мен ардың нұсқауымен әрекет етуге тырыс, әркімнің игілігі үшін қам же. Өмір қысқа. Оның ең бағалы жемісі – адамдардың игілігі үшін ізгілікті істер істеуден қапы қалма» деген екен  Марк Аврелий. Ал  пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с) “Кімде-кім Рамазанда, Аллаһ үшін кішкентай жақсылық жасаса, басқа айларда  парыз өтегендей сауап алады...” дегендей, осы айда барынша сауап жинап, қайырымдылық жасап, жомарттық танытудың маңызы зор екендігін ұмытпаған абзал.
Жаратушының мейірімі төгіліп, рақымы жауатын шапағатты айда сауабы мол шаралардың ұйытқысы болып, игілікті істермен адамдарға жақсылықтан шашу шашатын азаматтар ауданымызда аз емес. Аудан орталығындағы “Байзақ баба” мешітінің бас имамы Саидталып Саидтаһирұлы Қарақожаның мұрындық болуымен мешіт ұжымы  республикалық дәрежеде өтіп жатқан “Мектепке жол” акциясын алғашқылардың бірі болып қолдады.
Бас имам  аудан орталығында  және Байзақ ауылында тұратын Ы. Абдырахманова, А. Нұрымбетова және Г. Құдайбергеновалардың отбасына ақшалай жәрдем көрсетті.
-Қайырымдылық шарасын өткізудегі басты мақсатымыз-  мектеп жасындағы балалардың көңілі жасымай, жаңа оқу жылында білім ошағының табалдырығын өз қатарластарымен бірге аттауына аз да болса үлес қоссақ деген ниет болды,- дейді  бас имам.
Еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан игілікті шараға үлес қосып, бала жанын қуантып, шаттық сыйлаған  мәрт жанды азаматтар қатарын дін өкілдері де қолдап жатқанына қуандық.
Өз тілшіміз.

 

Обновлено 20.08.2012 10:32
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін39
mod_vvisit_counterКеше627
mod_vvisit_counterОсы аптада1688
mod_vvisit_counterӨткен аптада3329
mod_vvisit_counterОсы айда9638
mod_vvisit_counterӨткен айда12548
mod_vvisit_counterБәрі1027670

Серіктестер