Онлайн газет



ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Өткен аптада аудандық кітапханада “Балалар жылына” орай сатирик ақын, белгілі журналист Бақытжан Советұлының балаларға арнап жазған «Қоянның құлағы неге ұзын, құйрығы неге қысқа» атты жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова, ҚР Журналистер одағының мүшесі Асқарбек Сейілхан, «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Оралхан Дәуіт, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков, ауданның Құрметті азаматы, ақын Қасқырбай Нарбатыр, ақын Жанатбек Тұрғынбаев, аудандық аналар алқасының төрайымы Шырын Қапарова және аудан тұрғындары қатысты.
Кеште алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы қазіргі таңда балаларға арналған шығармалардың аздығын, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
- “Балалар жылына” орай өткізіліп отырған жиынның берері мол. Себебі қазіргі таңда балалар әдебиетіне қалам тартатындар азайып барады. Бақытжан ағамыздың туындылары тілге жеңіл, балалардың жаттауына өте оңай жазылған. Сондықтан да бүгінгі осындай шараның ауданымызда өтіп жатқаны қуантады. Ендеше жаңа кітаптың тұсаукесері құтты болсын. Жазарыңыз көбейсін,-деп қаламгерге өзінің тілегін білдірді. Сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар да ретімен сөз алып, лебіздерін арнап, жаңа кітап жайындағы пікірлерін ортаға салды.
Жиын барысында №1 мектеп-гимназиясының оқушылары Бақытжан Әлімқұловтың өлеңдерін жатқа айтса, аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің әншілері Айдын Тілепалдиева мен “Мәдениет саласының үздігі” Сәрсенбек Бәкір әсем әннен шашу шашты.
Шараның соңында Бақытжан Советұлы жиналғандарға ризашылығын білдіре отырып  осындай шараны өткізуге бастамашы болған аудан әкімі Бақыт Қазанбасовқа алғысын жеткізді. Одан кейін ҚР еңбек сіңірген әртісі Асқарбек Сейілхан, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков және ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр кітаптың тұсауын кесу рәсімін жасап, лентасын қиды.

Арайлым Нарбатырова.

Обновлено 20.09.2022 11:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін136
mod_vvisit_counterКеше704
mod_vvisit_counterОсы аптада2361
mod_vvisit_counterӨткен аптада4632
mod_vvisit_counterОсы айда15236
mod_vvisit_counterӨткен айда10372
mod_vvisit_counterБәрі1711326

Серіктестер