Онлайн газет



ОКРУГ ӘКІМДЕРІ НЕГЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТПАДЫ?

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев пен аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетовтің қатысуымен аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған сондай-ақ аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері де қатысты.
Отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев ашып, жүргізіп отырды. Онда алдымен «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қажетті құралдармен қамтамасыз ету туралы» аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Жарқынбек Айтқұлов, ал «2021 жылдың қорытындысы, 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар мен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің атқарылуы туралы»  аудан әкімдігі  ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркебай Рысалиев баяндама жасады.
Екі мәселеге байланысты қоғамдық кеңес мүшелері Дулат Жақыпбеков пен Кеңесбек  Мырзабеков қосымша хабарлама жасап, атқарылған жақсы жұмыстарды атай келе өздерінің ұсыныстарында жеткізді.
Баяндамалар бойынша кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, оған жауап берілді. Кеңес мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков пен «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шолпан Байтақова қаралған мәселелерге байланысты өз пікірлерін білдірді.
Өкініштісі сол, қаралған мәселелер өте өзекті болуына қарамастан оған ауыл, ауылдық округ әкімдері белсенділік танытпады. Олардың тарапынан баяндамашыларға не сұрақ қойылмады, олар өздерінің ешқандай пікірлерінде білдірмеді. Отырыс барысында Кеңес төрағасы тарапынан оларға сын да айтылды. Алайда одан ешқандай нәтиже шыға қойған жоқ.
Алғашқы мәселеге байланысты тиісті қарар қабылданғанымен, екінші мәселе кеңес мүшелерінің ұсынысына байланысты алдағы отырыстарда қайта қаралатын болып келісілді.

Сүндетулла Абылашұлы.

Обновлено 20.09.2022 10:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін153
mod_vvisit_counterКеше704
mod_vvisit_counterОсы аптада2378
mod_vvisit_counterӨткен аптада4632
mod_vvisit_counterОсы айда15253
mod_vvisit_counterӨткен айда10372
mod_vvisit_counterБәрі1711343

Серіктестер