Онлайн газет



ШӨП САҚТАУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАЙЫҚ

Жыл басынан бері аудан аумағындағы жеке үйлерде шөп жинау орындарында 5 өрт оқиғасы орын алды. 2021 жылы  4 өрт оқиғасы тіркелген болатын.  Өрттің негізгі себептері-тұрғындардың отпен абайсыз болуы, баланың отпен ойнауы және қасақана от қою оқиғалары. Жемшөп көбінесе жолға өте жақын жиналады, ал абайсызда немесе әдейі тасталған темекі тұқылы өртке әкеліп соғады. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін ең алдымен өртке қарсы ережелер мен нормаларды қатаң сақтау қажет.
- Шөпхана электр өткізу желілерінен мейлінше алыс және қоршалған жерлерде орналасуы тиіс.
- Шөпханаларды суға жақын жерде орнатқан жөн, жану жағдайы орын алған кезде отты тез сөндіруге болады.
- Қожалық және фермерлік шаруашылықтарда төтенше жағдайлар кезінде арнайы өрт сөндіруге икемделген техника дайын тұруы қажет.
-  Егін мен астық жинауға жұмылдырылған көліктер ұшқын өшіргіштермен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс.
-  Тұрғын үй учаскелерінде шөпті жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады.
-Шөп қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына, электр жеткізу желілерінің астына жинауға тыйым салынады:
Сонымен бірге көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларды, сабан және басқа да мал азығын орналастыруға жол берілмейді.
-ірі азық қоймалары найзағайдан қорғау құралдарымен жабықталады.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы азаматтардан шөп сақтайтын орындарда өрт қауіпсіздігінің ережесін қатаң сақтауын өтінеді және бұл шарттарды орындаған жағдайда сіз өзіңізді және өзіңізге жақын адамдарыңызды орны толмас өкініштен қорғай аласыз. Сонымен қатар Байзақ ауданы ТЖБ қызметкерлері жазғы маусымда құрғақ, ыстық және желдi ауа райында ауылдық елдi мекендер мен кәсiпорындарда, саяжайлық ауылдарда, бақшалық учаскелерде от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргiзуге, пеш, асханалық ошақ пен қатты отынмен жұмыс iстейтiн қазандық қондырғыларын жағуға жол берiлмейтіндігін естеріңізге салады.
Өрт қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1472
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7489
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33056
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203786

Серіктестер