Онлайн газет



МАҢЫЗЫ ЗОР ҚҰЖАТ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арналған “Әділетті  мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Жолдауын жолдап, елімізде атқарылатын жаңа негізгі бағыттарды көрсетіп берді. Бұл Жолдаудан ел өзінің ойында жүрген көптеген көкейкесті сұрақтарына жауап алды деп білемін. Бұл елімізде бұдан бұрын бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы деп түсінуіміз керек.
Президент мемлекеттің әлеуметтік саясатын нығайту жұмыстарын одан әрі дамытуда. Білім мен денсаулық саласын, ауыл шаруашылығын дамытуға, жастарды қолдауға, зейнетақы көлемін, әйелдердің зейнеткерлік жасын қайта қарауға қомақты қаржы бөлу туралы шешім қабылдады.
Президентіміздің тағы бір маңызды шешімі- алдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізу болып табылады. Жаңа қатынастар жағдайында азаматтардың мүддесін қорғайтын және мәслихаттар мен Парламент жұмысының тиімділігін арттыратын Парламент құрамын жаңарту өте маңызды.
Сонымен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттарға, қоғамдық ұйымдарға қосымша биліктің берілуі халық арасында олардың беделін арттырып, халықтың сұраныстарын кеңінен тануға мүмкіндікті еселей түсетін болады және бұл мәслихат депутаттарына білдірілген зор сенім, жүктелген үлкен жауапкершілік деп түсінген жөн. Біздің бүгінгі жұмысымызда басымдық қоғамдық диалогқа, ашықтыққа, халықтың мұқтажына жедел жауап беру болып табылады. Осы істеріміз арқылы біз барлық игі бастамаларымызды жүзеге асырамыз.
Қазақстан халқы “Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып”, көп болып қолдап, барынша аз уақыттың ішінде Жолдауда көрсетілген жетістіктерге қол жеткізіп, Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайының жақсара түсетініне сенемін.
Бір сөзбен айтқанда бұл Жолдау батыл шешімдерге толы. Дәлірек айтқанда қоғамның барлық заманауи сын-тегеурініне жауап беретін, ел алдында тұрған күрделі мәселелерді шешуге бағытталған жаңа бағдарламалық құжат деп айтуға болады. Сондықтанда ел тағдырына негізделген бұл Жолдау халықтан қолдау табатынына сенімім мол.

Бақтияр Ақбаев,
аудандық мәслихаттың хатшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1201
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5342
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда30909
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201639

Серіктестер