Онлайн газет



«ДІННІҢ ТҰТАСТЫҒЫ – ЕЛДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ»

тақырыбында Жақаш ауылдық клубында кездесу өтті.
Оған аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері: аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығының” дін саласы бойынша аға инспекторы Сәуле Арғынбаева, “Жантай ата” мешітінің имамы Бекжан Жұмағұлов  қатысты.
Шара барысында Сәуле Қуанышқызы елімізде бірлік пен татулық, бейбітшілікті сақтауда діннің алатын орны үлкен екендігіне тоқталды. Елордада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VІІ съезі өтетіндігін жеткізді. Биылғы жиын “Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  рөлі”тақырыбына арналғандығын, дәстүрлі діндердің басты мақсаты - адамдардың бірін-бірі қадірлеп, сыйлауға, үйлесімді өмір сүруге шақыратындығына екпін салды. 
Кездесу барысында елдің тұтастығы мен тыныштығына кері әсер ететін деструктивті діни ағымдардың зиянына шолу жасалынды. Діннің  адам өміріндегі рөлінің маңыздылығы жайлы кеңінен ақпарат беріліп, жастарға жүректі кірлетпеу, сенім, дінге қызығушылықта ақпарат көздерін дұрыс таңдауға көңіл бөлу керектігі де баса айтылды.
Бұдан бөлек, топ мүшелері бүгінгі таңда жас ұрпақтың тәрбиесіне баса көңіл бөлудің өзектілігін атап өтті. Ел ішінде тыныштық пен тұрақтылық, ынтымақ пен бірлікті, дінаралық татулықты нығайтуға үлес қосу, тұрақтылық пен тыныштық бар жерде ғана өсіп-өркендеу, ертеңгі күнге деген үкілі үміт болатындығы жөнінде айтылды.
Іс-шара қатысушыларының назарына дәстүрлі діндер туралы бейнероликтер ұсынылды.
Кездесу соңында туындаған сауалдарға мамандар тарапынан жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер назарға алынды.

Гүлшахар ӘБДІҚҰЛОВА,
ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін163
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6180
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31747
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202477

Серіктестер