Онлайн газет



МАҚСАТ ПЕН МІНДЕТ АЙҚЫН

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кәсіби және естелік күндерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 18.07.2022 жылғы №534 бұйрығымен 12 қыркүйек естелік күні-жергілікті әскери басқару органдарының күні болып белгіленді.  Осыған орай Байзақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тарихына тоқталған орынды секілді.
Свердлов ауданының әскери комиссариаты 1943 жылы 9 қазанда құрылған. Орта Азия әскери округі Қолбасшысының бұйрығымен бірінші әскери комиссар болып майор Айзенгарды Самуил Шулимович тағайындалады.
Ұлы Отан соғысы жылдары  біздің ауданнан Кеңес Армиясына 3500 адам шақырылған екен. Оның жартысы туған жеріне оралмай, сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан.
Жалпы Свердлов әскери комиссариаты құрылғаннан осы күнге дейін 20 басшы құрамы ауысты. Оның әр қайсысы әскери комиссариаттың тарихына өз қолтаңбаларын қалдырып, жұмыстың жүйелі жүруіне үлестерін қосты.
Қазіргі таңда  Байзақ (Свердлов) әскери комиссариаты кәсіби және әскери білімді көтерудің мектебі болғаны анық. Әскери комиссарлардың көбі жетістіктерімен ерекше көзге түсіп, жоғары лауазымдарды атқаруда.
1996 жылы 29 ақпанда Свердлов әскери комиссариаты Байзақ ауданының әскери комиссариаты атауына өзгертілді.
2004 жылы 15 ақпанда әскери комиссариат атауы Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі болып қайта құрылды. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басты міндеттері:
- адамдық және көлік ресурстарын жұмылдыру;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне азаматтарды шақыру;
- Қазақстан Республикасының аймағындағы, Ресей Федерациясы және алыс елді мемлекеттердегі ЖӘОО, «Жас Ұлан», Кадет корпусына және басқа да әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу.
- жастар арасында Отанды сүюге, әскери-патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.
Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жүктелген міндеттерді мінсіз, сапалы орындап, Жамбыл облысы бойынша басқармалар мен бөлімдер арасында бірінші және екінші орындарды иеленіп келеді.
Қазіргі уақытта Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімді полковник Көпбосын Нурдинов басқаруда. Әскери жолын 1994 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының әскери комиссариатынан бастаған Көпбосын Кеңесбекұлы 2018 жылдың  қазан айынан бастап Байзақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы қызметіне тағайындалды. Бүгінгі таңда 26 адамнан тұратын ұжымды біліктілікпен басқаруда.

Майра Ибрагимова,
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының (әскери-патриоттық жұмыс және ҚК ардагерлерімен жұмыс жөніндегі) көмекшісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1194
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7211
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32778
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203508

Серіктестер