Онлайн газет



БІРЛІК-ЕЛДІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында тәуелсіз еліміздің дамуы үшін жасалатын қадамдар айтылған.
Мемлекет басшысының ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары зейнетақы мөлшерін 120 пайызға дейін жеткізуді тапсырды. Сонымен қатар Президент 2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасын 61 жас деңгейінде белгілеуді тапсырды. Мұнымен қатар  ел Президенті 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлемдер кезеңін бір жарым жылға дейін ұлғайтуды, ал әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айырылу бойынша төлемдер мөлшерін орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін арттыруды тапсырды.
Сондай-ақ, Президент жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекеттің басты міндетінің бірі екенін атап өтті. Осы орайда, 100 мың жасқа жұмыс берілуі қажет екенін айтты.
“Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек.
Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді”, – деді Қ.Тоқаев.
Ел бірлігі -ел дамуының басты кепілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: “Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл-еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу.
Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы-берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ. Ел бірлігі қашанда ең басты құндылық саналған. Қазір оның өзектілігі арта түсті.
Халқымыз татулық пен тұрақтылыққа ерекше мән берген. Оны бәрінен биік қойған. Біз дәл осы кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білуіміз керек”,-деді Президент.
Бірлік-елдің әл-ауқатын арттырудың басты кепілі. Татулық, бірлік, келісім - басты құндылық саналады.Тарихымызға үңілсек, ел басына күн туған замандарда да халқымыздың тұтастығын сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс қанатын кеңге жаятындығын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Сондықтан да бірлігі мен ынтымағы жарасқан, түрлі этнос өкілдері тұрып жатқан мемлекетіміздің, қоғамымыздың және отбасымыздың біртұтас мызғымастығына бағытталған ұстанымдарымызды нығайтып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты еліне, жеріне, Отанына, халқына адал қызмет жасау секілді құндылықтар рухында тәрбиелесек табыстарға жететін боламыз. Ең басты міндет-тәуелсіздігімізді тұғырлы ету, елдегі ішкі тұрақтылықты, бейбіт өмір мен бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауға үлесімізді қосу.

Диана Майлиева,
Жетібай ауылдық кітапханашысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1533
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5674
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31241
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201971

Серіктестер