Онлайн газет



АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ОНЛАЙН ТҮРІНДЕ

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторын іске қосты. Оның көмегімен жәрдемақының мөлшерін есептеуге болады, әрі бұл калькулятормен әр адам атаулы әлеуметтік көмекті алдын ала өзі есептеп көре алады.
Онлайн-калькулятор министрліктің ресми сайтында орнатылды. Жәрдемақыны есептеу үшін тұрғылықты аймақты, отбасындағы адам санын, 18 жасқа толмаған бала санын  және жасы 18-23 аралығындағы студент бала санын, еңбекқаны қосқанда отбасының жиынтық табысын, алименттер мен басқа да кіріс түрлерін  көрсету қажет. Отбасының жиынтық табысына атаулы әлеуметтік көмек, бала туылғанда берілетін біржолғы жәрдемақы, тұрғын үй көмегі, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін әлеуметтік және арнаулы  мемлекеттік жәрдемақылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге төленетін мемлекеттік стипендия  кірмейді.
2022 жылдың қаңтар айында ТЖ режіміне байланысты 2021 жылдың 4 тоқсанында АӘК алған азаматтарға жәрдемақы 2022 жылдың 1 тоқсанына автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте жаңа алушыларға электронды үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі берілді. Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады. Автоматты түрде өтінім беру үшін:
1. Порталда  авторизациядан өтіп, “Онлайн сұратым” батырмасын басады.
2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойылады (міндетті түрде  мобильдік азаматтар базасында тіркеуде  бар болу қажет). Өтінімде «Қазпошта» АҚ немесе «Халық банк» АҚ-да өтініш берушінің атына ашылған жеке шот нөмірін көрсету қажет.
3. Жеке кабинетте (“Қызметтерді алу тарихы” бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысады.
Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің  дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің немесе оны алу құқығының өзгеруіне негіз болатын мән жайлар туындаған кезде он күн ішінде Орталықты, ал ауылдық жерде әкімді аталған мән жайлар туралы хабардар етуге міндетті. 
Бүгінгі күнге орталықтың консультанты және ассистенттері атаулы әлеуметтік көмекті алудың шарттары туралы 1555 отбасындағы 8763 адамға сұхбаттасу жұмыстары жүргізіліп, оның ішіндегі  467 отбасындағы 2782 адамға шартты ақшалай көмек, 89 отбасындағы 409 адамға шартсыз ақшалай көмек тағайындалды. АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде,  орта білім беру ұйымдарында оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға  мектеп формасы немесе спорттық киім, мектеп құралдары жиынтығы және оқу жылы ішінде оқу орнында күнделікті бір реттік ыстық тамақтану түріндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құралай Авдыпова,
аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының консультанты.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1432
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5573
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31140
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201870

Серіктестер