Онлайн газет



АРХИВТІК АНЫҚТАМАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырындағы  №159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» туралы мемлекеттік қызметті  көрсету  қағидаларына негізделеді және  осы  қағиданың  1 – қосымшасына сәйкес архивтік  анықтамалар мен архивтік құжаттардың көшірмелерін беру  қызметі  тікелей мемлекеттік архив, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» немесе «электрондық үкімет» WWW.egov.kz  веб-порталы арқылы қызмет көрсету үшін ұстанылуға тиіс алғашқы жағдайлар:
Қызметті электронды түрде алу:
WWW.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы қызмет көрсету үшін ұсынылуға тиіс алғашқы жағдайлар:
Өтініш беруші «Электронды үкімет» порталына тіркеліп және қызметті электронды түрде алу үшін ХҚКО арқылы электронды-цифрлық қолтаңба алуы тиіс.
1. «Кіру» - порталда авторизациядан өту (ЖСН және 6 символдан тұратын құпия сөз енгізу);
2. Қызмет түрін таңдап алу;
3. Онлайн қызмет түріне тапсырыс беру;
4. Қажет жолдарды толтыру, сонымен бірге қажет құжаттарды беру:
5.Сұраныс жіберу;
6.Электронды цифрлы қолтаңбамен қол қою (ЭЦҚ).
Архивтік анықтама, архив құжаттарының көшірмелерін немесе үзінділерін, немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы  дәлелді жауабын электронды түрде алу.  Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.)
Өтініш беру кезінде қажет құжаттардың тізбесі:
1.Растауды қажет ететін мәліметтер көрсетілген өтініш (хат):
2.Қызмет алушының  жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі немесе өзге тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты. Егерде бар болған жағдайда өтінішке сұрау салған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері қоса беріледі.
Архив кеңсесінде құжат тіркелгеннен бастап, он бір жұмыс күн ішінде архивтік анықтамалар дайындалады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан астам кезеңнің  құжаттарын  зерделеу  себептері бойынша  мемлекеттік қызмет көрсету  мерзімін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады және бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлама дайындалады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде. Орындау мерзімі 11 жұмыс күні. Көрсетілетін қызмет тегін.  Архивтік анықтама, архив құжаттарының көшірмелері, яғни архивтен берілетін заңды күші бар құжат әлеуметтік – құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді қамтиды: еңбек өтілім, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың  берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, Қарулы Күштерде әскери бөлімдер мен құрылымдардағы қызметін, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал-актілері жөніндегі мәліметтерді растау  туралы.
Анықтама бөлімінде  жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда, мамандар келіп түскен кез келген мекемелер мен  ұйымдардың хаттарын, яғни  заңды тұлғалар мен олардың   сенімді өкілдерінен, сондай-ақ  алыс- жақын  шет елдердің  ұйымдарынан  пошта арқылы қағаз жүзінде келіп түскен барлық  сұраныстарды «электрондық үкімет» веб-порталына тіркеп, белгіленген заң  шеңберінде  анықтамалар дайындауда  және оларға  дайын жауаптарын пошта қызметі арқылы жөнелтіледі.
Ескере кетсек, электронды түрде   мемлекеттік  қызмет  оның ішінде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді» үйден шықпай-ақ  WWW.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталына тіркеліп, өтініш тастау арқылы  өзіңізге қажетті құжаттарды алуға болады. Мәселен, “маған жай ғана  құжаттың көшірмесі керек” немесе “мен алыстан осы анықтама үшін келдім, маған жасап бере сал” деген өтінішпен азаматтар келіп жатады. Аудандық  архивке  келіп түскен әр өтініш заң шеңберінде орындалып, кезекпен қаралады.  Қарауға тиісті құжаттар зерделенеді, содан кейін ғана архивтік анықтама немесе архивтік көшірме дайындалады және осы жұмыстар нәтижелі  болу үшін уақыт керек. Сондықтан уақыттың талабы бойынша цифрлық  сауаттылықты арттыру өзекті мәселе.
Казіргі таңда халықпен жүйелі жұмыстар жүргізу үшін цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында Байзақ  ауданының мемлекеттік архиві түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, «Ашық есік күні» өткізіліп тұрады.

Зарина Үмбеталиева,
аудандық мемлекеттік архивтің архившісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін119
mod_vvisit_counterКеше704
mod_vvisit_counterОсы аптада2344
mod_vvisit_counterӨткен аптада4632
mod_vvisit_counterОсы айда15219
mod_vvisit_counterӨткен айда10372
mod_vvisit_counterБәрі1711309

Серіктестер