Онлайн газет



ӘЛЕУМЕТТІК КЕСЕЛМЕН КҮРЕС ОРТАҚ

Қоғамның дамуына кедергі келтіретін жемқорлықпен күрес әр саналы адамның ісі болуы тиіс.
Мемлекетіміз тәуелсіздігін алған күндерден бастап,  сыбайлас жемқорлықпен күрес өзектілігін жойған емес. Қаншама бағдарламалар іске асырылып, нәтижесін беруде.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес отбасынан басталуы тиіс. Себебі, отбасы - шағын мемлекет. Одан  ұрпақтың өмірге көзқарасы, өмір жолын таңдауы қалыптасады. Отбасылық тәрбиенің адам баласының саналы қалыптасуына маңызы зор. Ұяңда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің,-демекші, сәби бала өзіне ең жақын адам - ата-анасына, білім ордасында жүріп оқушы - білімді ұстазға, еңбек ортасында жүрген жас маман - білікті маманға ұқсағысы келетіні ақиқат. Демек, адамның даму кезеңіне тиісінше жүрген ортасының тәрбиелік мәні зор.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі маңызды қадам азаматтардың заң алдындағы тең жауапкершілігі болып саналады. Адалдық, әдептілік, парасаттылық, мәдениеттілік, сыпайылық, қарапайымдылық, сатылмаушылық – адам бойындағы құндылықтар. Тазалық, ар тазалығы – берекелі отбасы, уайымсыз күндер, нәтижелі еңбек, тыныш ұйқы. Жетістікке таза еңбекпен жету -  үлкен бақыт. Осы құндылықтарды өз ортамызда дәріптей білсек, жемқорлықсыз қоғам құруға өз үлесімізді қосқан болар едік.
Қазақстан көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдында әлі талай міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талапта: «Әрбір мемлекеттік қызметшінің ары да жаны да таза, сауатты және білікті болуы тиіс» деген болатын.Сондықтан мемлекеттік қызметтің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің аулақ болғаны жөн. Бүгінгі жұмыс - болашақтың кепілі. Мемлекетіміздің болашағында да сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.
Жемқорлықпен күрес-маңызды басымдықтың бірі. Ал жемқорлықсыз қоғам-жарқын болашақтың  кепілі.

Еркебай  рсалиев,
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін112
mod_vvisit_counterКеше704
mod_vvisit_counterОсы аптада2337
mod_vvisit_counterӨткен аптада4632
mod_vvisit_counterОсы айда15212
mod_vvisit_counterӨткен айда10372
mod_vvisit_counterБәрі1711302

Серіктестер