Онлайн газет



ЖАСӨСПІРІМДЕР ӨЗ ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАУДА

Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты – өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру және спортпен айналысу бүгінгі күні ауданымызда бұқаралық сипатқа ие болып келеді.
Қазіргі таңда, ауданымызда дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 42 480 адамға жетіп, жалпы халықтың 38,1% пайызын құрады. Спортты серік еткен тұрғындарға аудан бойынша 280 спорттық нысан нақтыланып, бекітілген кестемен қызмет көрсетуде. Тұрғындарға арналып жасалынған спорттық нысандардағы жаттығу кестелерінің жаңартылған нұсқасы мемлекеттік және ресми тілде тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде жариялануда.
Спорттық нысандарды жазғы спорт маусымында тиімді пайдалану мақсатында, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде жазғы спорттық маусымдағы іс-шаралардың жоспары жасалып бекітілген. Жоспар бойынша маусым, шілде, тамыз айларында барлығы 65 іс-шара өтіп, оған 9 мыңға жуық адам қамтылды. Бұл іс-шаралардың жартысына жуығы жүйелі түрде кезең-кезеңімен өтетін іс-шаралар болса, қалғандары мерекелік және әр түрлі көпшілік спорттық ойындар санатында ұйымдастырылды. Бұл спорттық ойындардың барлығы ауданымыздағы жалпы білім беру мен спорт мектептерінің спорттық нысандарында өткізілді. Жүйелі түрде өткізілген спорттық іс-шаралар қазіргі таңда әр санаттағы аудан тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен айналысу бойынша қызығушылығын тудыруда.
Осы жылдың маусым айынан бастап түрлі спорт түрлерінен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Кезең бойынша өткізілген бұл іс-шаралардың бастапқы ойындары Ынтымақ, Жалғызтөбе, Түймекент, Бурыл, Сарыкемер ауылдық округтеріндегі спорттық нысандарда жергілікті спорт жөніндегі нұсқаушылардың ұйымдастыруымен өткізілсе, аудандық ақтық ойындар Сарыкемер ауылындағы орталық алаң, Ж.Үшкемпіров атындағы спорт сарайы, Ғ.Мұратбаев атындағы  гимназиясының кіші футбол алаңы, Н.Киікбаев және Сарыкемер атындағы мектеп - гимназияларының спорт залдары мен алаңдарында өтті. Сонымен қатар, спорттық нысандарды жаз мезгілінде тиімді пайдалану және балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу үшін ағымдағы жылғы шілде айының 29 жұлдызында бұқаралық спорттық іс - шараларды өткізу орталығының жүзеге асыруымен Сарыкемер ауылы, А.Суханбаев атындағы саябақта аула ойындары өткізілді. Бұдан бөлек, маусым айында Сарыкемер ауылының орталық стадионында, Ж.Үшкемпіров атындағы спорт залында 40 жастан асқан спорт ардагерлері арасындағы аудандық спартакиада өтті. Спартакиада қатысушылары қазақ күресі, жеңіл атлетика, дойбы, үстел теннисі, қол күресі және гір көтеруден өзара жарысты. 1 маусымда А.Суханбаев атындағы саябақта асық ату мен бестастан және дене мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қол күресінен өткен іс-шаралар балалардың жазғы каникул уақытында спортпен айналысуы мақсатын көздесе, екінші жағынан бұл іс-шара орталық саябақтағы құрылыс нысандарын спорт үшін пайдалануды халыққа көрсету мақсатында жасалынды. Ұлттық спорт құндылықтарының бірі асық ату мен бестас ойындары саябақта балалар үшін апта сайын кешкі уақыттарда ұйымдастырылып өткізілуде.
Балалар мен жасөспірімдер арасында жазғы каникул уақыттарын тиімді пайдалану жұмыстары спорттық нысандарда дене шынықтыру және спортпен өткізу іс-шаралары бөлімінің жіті бақылауында. Облыстық аппараттың хаттамалық тапсырмасы аясында, жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің спорттық секция жұмыстарына белсене қатысуын қамтамасыз ету бойынша спорт мектептеріне нақты тапсырмалар берілді. Осы бағытта спорттық секцияларда арнайы мамандармен бірге 600-ге жуық балалар мен жасөспірімдер спорттық нысандарда өз шеберліктерін шыңдауда. Балалар мен жасөспірімдер үшін спорттық-сауықтыру іс-шаралары облыстық білім басқарамасының Байзақ ауданының білім бөлімімен бірге ұйымдастырылуда.

Ерік МАМАДИЯРОВ,
аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін109
mod_vvisit_counterКеше704
mod_vvisit_counterОсы аптада2334
mod_vvisit_counterӨткен аптада4632
mod_vvisit_counterОсы айда15209
mod_vvisit_counterӨткен айда10372
mod_vvisit_counterБәрі1711299

Серіктестер