Онлайн газет



МАҢЫЗДЫ БАСЫМДЫҚ

Сыбайлас жемқорлық - қазіргі таңда заман ағысымен бірге елдің экономикалық дамуымен қатар тамырын тереңге жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған қауіпті дерттің бірі.
Бұл дерт біздің жас мемлекетіміздің  бұдан әрі өркендеуіне  үлкен нұқсан келтіріп отыр. Бүгінгі күні “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” туралы Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы  іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Осыған қарамастан көбіне қарапайым халық пен мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары арасында кездесетін дерттің бірі - пара беру мен пара алу.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп қана қоймай, беделіне нұқсан келтіреді және заң қағидаларын теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының заңды мүдделерінің бұзылуына жол беріледі. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар, ұжымдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл іс-шаралардың негізі де еліміздің болашағы өскелең жас ұрпақтың таза, адал, адамгершілік қадір қасиеттерін бойға сіңіріп, мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлықсыз бұдан әрі дамуына, өсіп өркендеуіне сенім арту.
Сыбайлас жемқорлық пен заң бұзушылық әрекеттерге жол бермеудің бірден-бір кілті ол халық. Бұл ретте халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруымыз өте маңызды. Халық өз құқықтарына қандайда бір қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігін білулері қажет.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Әділ төрелік жоқ жерде пара белең алады. Шынындада біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие бола аламыз. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу-ел азаматтарының азаматтық борышы деп білуіміз қажет. Егер сіз ұйымдарда, мекемелерде сыбайлас жемқорлық құбылыстарына пара бопсалау фактілеріне немесе сыбайлас жемқорлық сипатындағы қандай да бір басқа көріністерге тап болсаңыз, сондай-ақ, егер сізге бұл мәселе немқұрайлы болмаса, сіз бірыңғай Call-center 1424 телефон нөміріне хабарласа алатындығыңызды назарыңызға жеткіземіз.

Алия ЖУМАДИЛОВА,
Жалғызтөбе ауылдық округінің іс-жүргізуші бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін153
mod_vvisit_counterКеше704
mod_vvisit_counterОсы аптада2378
mod_vvisit_counterӨткен аптада4632
mod_vvisit_counterОсы айда15253
mod_vvisit_counterӨткен айда10372
mod_vvisit_counterБәрі1711343

Серіктестер