Онлайн газет



Серіктестік жасаған демеушілік

Өткен жыл ауданымыз үшін табысты жыл болса, биыл да өз жетістіктерімен бастау алуда. Аудан шеңберінде жүзеге асып жатқан инфрақұрылымдық жобалар, халық игілігіне ұсынылып жатқан нысандар, басқа да көптеген ауыз толтырып мақтанарлық істер жасалып жатыр.

Осындай жұмыстардың қатарында аудандық мәндегі жолдардың жөндеу жұмыстары да бар.
Былтырғы жол жөндеу жұмыстарының жалғасы болып биыл Сарыкемер ауылындағы Суханбаев, Желтоқсан көшелері мен Королевка-Жаңатұрмыс бағытындағы жолдар орта жөндеуден және аудан аумағындағы бірқатар елдімекендерге баратын жолдар ағымдағы жөндеуден өтеді деп жоспарланған болатын. Орындалмайтындай көрінген істер көз алдарынан шыққанда халықтың арман болған күннің ақиқатқа айналғанына көзі жеткен аудан тұрғындарының қуанышында шек жоқ.
Газетіміздің алдыңғы нөмірлерінде аудандық мәндегі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны жайында айтқан болатынбыз. Осы орайда Сарыкемер ауылындағы Суханбаев көшесінің 3,150 шақырымына (33843,925 мың теңге), Желтоқсан көшесінің 1,05 шақырымына (11282,774 мың теңге) және Королевка-Жаңатұрмыс бағытындағы 7,8 шақырымдық автомобиль жолына (55468,821 мың теңге) орта жөндеу жұмыстарын жүргізу құқығын, өткізілген тендер нәтижесінде, «Тараз көлік жолы» ЖШС-і танылғанынан көзі қарақты оқырман қауым хабардар. Өйткені, бүгінгі таңда аталмыш серіктестік өзіне жүктелген міндеттерді белгіленген уақытында бітіріп қана қоймай, Сарыкемер ауылындағы жуырда пайдалануға беріледі деп күтіліп отырған жаңа мектепке баратын жолға демеушілік ретінде асфальт төсеп бергеніне  күні кеше куә болдық.  Игілікті істің барысымен танысуға барған бізді «Тараз көлік жолы» (басшысы Луиза Батчаева) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаске бастығы, прораб Болат Алсейтов қарсы алды.
Бізбен болған әңгімесінде ол, ұзындығы шамамен 0,5 шақырымға жуық жолдың астыңғы қабатын тегістеуге 100 м3 құм-шағал қоспасы мен 200 тонна асфальт және демеушілік мақсатында істелініп отырған игілікті іске мекеме қаражатынан 3,0 млн. теңге жұмсалғанын жеткізді.
Сарыкемер тұрғындары балаларының жаңа мектепке барулары үшін қолдан келген осындай игілікті істің барлығын жүзеге асыруда. Алдағы күндері сыңғыр қағатын қоңырау үніне асыққан оқушылар сапалы да сәнді төселген көше бойымен жаңа білім ошағына қарай бет алатын қуанышты күндер де алыс емес.

 

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы»

Обновлено 13.08.2012 12:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін351
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада3710
mod_vvisit_counterӨткен аптада3822
mod_vvisit_counterОсы айда9896
mod_vvisit_counterӨткен айда14054
mod_vvisit_counterБәрі1476425

Серіктестер