Онлайн газет



ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛДЫ

Өткен аптада Қостөбе ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша ақпараттық «Үгіт-насихат» штабының елді мекендер тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен кездесу семинар-отырысы өтті.
Оны аудандық штаб жетекшісі Ғайни Көшекбаева жүргізіп отырды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Қазақстан халқына Жолдауын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, өскелең ұрпақтың халық және мемлекеттік органдар арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру” тақырыбы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Асқар Қадырқұлов слайд арқылы баяндады.
Келесі мәселелер бойынша аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков және Қостөбе ауылдық округінің әкімі Нұрғали Қожабергенов «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының себептері мен жағдайлардың туындау мүмкіндіктерін азайту мәселелері» туралы баяндамалары тыңдалды.


Дулат Бекбосынұлы өз баяндамасында ауданымыздағы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс салалары бойынша атқарылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталды. Сондай-ақ ауыз су, газ тарту, автомобиль жолдарына байланысты мәселелері де баяндамашы назарынан тыс қалған жоқ. Аудандағы әлеуметтік мәселелер де жан-жақты айтылды.
Нұрғали Серікбайұлы болса округте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өткізілген семинар, түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін, әкімшілікте арнайы бұрыш жасалғандығын атап өтті. Аудандық “Ауыл жаңалығы“ газетінде “Құқық бұзушылыққа жол берілмейді“ тақырыбында мақала жарияланғанын жеткізді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, құқықтық тәрбиелеу негізі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайы талқыланды.
Әрмен қарай сөз алған Н.Киікбаев мектеп-гимназиясының директоры Гүлбахрам Ермекова білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды. «Baizaq adaldyq alany» жетекшісі Серік Жұмабеков сыбайлас жемқорлықпен күресуді әркім өзінен бастау керектігін, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бұл дертті жеңуге шақырды.
Семинарда қорытынды сөз сөйлеген «Үгіт-насихат» штабының жетекшісі Ғайни Ақылбекқызы күн тәртібінде айтылған барлық мәселелерді талдай келе, штабтың мақсаты, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларынан қысқаша ақпарат беріп өтті.
Семинарға білім бөлімі мамандары, мектеп директорлары, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері, бөлім басшылары және қоғам белсенділері қатысты.

Арайлым Нарбатырова.

Обновлено 21.06.2022 11:15
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін201
mod_vvisit_counterКеше366
mod_vvisit_counterОсы аптада857
mod_vvisit_counterӨткен аптада2114
mod_vvisit_counterОсы айда1670
mod_vvisit_counterӨткен айда13201
mod_vvisit_counterБәрі1673292

Серіктестер