Онлайн газет



МАҚТАН ЕТЕМІН

Мемлекеттік қызметші –қоғам, мемлекет айнасы, биліктің жарқын келбеті десек артық болмас. Өйткені мемлекеттік қызметті атқару - қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша, ерекше сенім білдіру деген сөз. Сондықтан да, мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылғаны белгілі.
23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні мейрамы болып бірнеше жыл бұрын бекітілген болатын. Ал 2022 жылғы 31 наурызда Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі Судьялар мен Сот қызметкерлерінің күнімен толықтырылды. Яғни биыл 24 маусымда сот саласында жұмыс атқаратындар мерекесін атап өткелі отыр. Бұл әрине өте қуантарлық жағдай, өйткені мен сот саласында жұмыс атқаратын мемлекеттік қызметшімін. Өз тарапымнан мемлекеттік қызметке, оның ішінде сот саласына 8 жылға таяу уақыт бұрын келгеніме еш өкінбеймін, керісінше мақтан тұтамын. Өйткені халық пен қоғам үшін еңбек ететінімді бақыт пен абырой деп санаймын.
Жалпы, қазіргі таңда аудандық сотта 3 судья және 8 мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Барлығы да абыройлы, білімді, өз істеріне адал, таңдаған кәсіптеріне сүйіспеншілікпен қарайтын, жұмыстарын жоғары деңгейде жасайтын тұлғалар.
Байзақ аудандық сотында алдыңғы уақыттарда да жұмыстарын жоғары деңгейде жасаған судьялар мен сот қызметкерлері де жетерлік. Оның ішінде зейнеттік жасқа келіп, зейнетке шыққан судьялар сот ардагерлері де баршылық.
Жалпы, мемлекеттік қызметші, оның ішінде әсіресе сот саласында жұмыс атқаратын мемлекеттік қызметші деген атқа ие болудың өзі үлкен мәртебе деп білемін. Сол биік атақты абыроймен ұстау, заңнамада бекітілген қызметтік әдепті сақтау, қызметтік міндеттерін заңнама талаптарына сай орындау - әр мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты және міндеті. Сондықтан әр-бір мемлекеттік қызметші, мемлекеттің өсуі мен өркендеуі оның жұмысының нәтижесі екенін ұмытпауы қажет.
2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау бойынша төмендегідей талаптар қойылған:
Мемлекеттік қызметшілер:
- заңдылық қағидатын басшылыққа алуға;
- мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, өзінің әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге;
- мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
- жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
- қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауын талап етпеуге;
- мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтауға міндетті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы мемлекеттік қызметі туралы Заңында белгіленген тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатынын ұмытпау қажет. Сондықтан да, әр мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін заңнама талаптарына сай орындауы абзал.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің жалпы стандарттары негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген.
Аталған кодексте «Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны-Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді» делінген. Яғни, мұнда қоғамның, халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін білдіруі, мемлекеттік қызметшілерде әдепсіз мінез-құлық жағдайларының болмайтынына сенім білдіруі көрсетілген.
Сонымен қатар, жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермей, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күнімен, әсіресе жаңадан енгізілген 24 маусым - Судьялар мен Сот қызметкерлерінің қүні кәсіби мерекесімен құттықтаймыз.
Отбасыларыңызға амандық, жерімізге тыныштық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейміз.

Қаракөз Тілемісова,
аудандық соттың бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін196
mod_vvisit_counterКеше366
mod_vvisit_counterОсы аптада852
mod_vvisit_counterӨткен аптада2114
mod_vvisit_counterОсы айда1665
mod_vvisit_counterӨткен айда13201
mod_vvisit_counterБәрі1673287

Серіктестер