Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

23 - маусымда тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысының адал және тиімді жұмысы, қорытындылай келгенде, біздің мемлекетіміздің қалыптасуына және дамуына әсер етеді. Мемлекеттік қызметші өз еліндегі тікелей міндеттерін орындаудан басқа, отбасында, қоршаған ортаға, адамдармен ортақ тіл табысуға және жан-жақтыға үлгі болуға тиіс және туған ауылының жан – жақты өркендеп өсуіне ықпал етіп үлгі болуы керек.
Мемлекеттік қызмет – ең әуелі үлкен жауапкершілік, біліктілік пен үнемі шыңдалуды талап етеді. Адам жеке тұлға ретінде өзін-өзі тұрақты жетілдіріп, алға ұмтылып отыруы қажет. Бұл ретте, қай салада еңбек етсек те, кейін соңымызда өзіміз ұялмайтындай, үлгі боларлық іс қалдырғанымыз жөн. Қазақта жиі айтылатын «наныңды адал тауып жеу» қағидасы осыған саяды. Мемлекеттік басқарудағы жаңа модельдің бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет». Бұл мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне, сондай-ақ оларды орындау жауапкершілігіне көзқарасты өзгерту үшін қолға алынған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісіне тағы да кеңінен тоқталды. Өйткені елімізде мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құрудың алғышарты бар. Біріншіден, мемлекеттік басқарудағы жаңа модельге байланысты сервистік мемлекет тұжырымдамасының бастапқы бейнесі көріне бастады. Бұл – ауыл әкімдерін сайлау, инфрақұрылымдық, әлеуметтік бастамаларға аудандар мен ауылдық округтердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізу, халық бюджеті ұғымын қолданысқа тереңірек енгізу. Сондай-ақ мәслихаттардың қоғамдағы рөлін, құзыреттілігін күшейту, ашықтығын қамтамасыз ету, петиция институтын заңды түрде дамыту, осы арқылы өңір мен орталық арасындағы байланысты жетілдіру, өзін-өзі басқару институтының бейнесін жаңғырту, оның даму жөніндегі түбегейлі тұжырымдамасын әзірлеу.
Президент атап өткендей, «егер азаматтардың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн». Сондықтан мемлекеттік басқарудың жаңа моделі әр азаматтың мұң-мұқтажын, халықтың үнін ескеруге бағытталып отыр. Осы орайда негізгі өзгерістер өңірлерден бастау алады. Мемлекет басшысы 2021 жылдың мамыр айының соңында сайлау заңнамасына енгізілген түзетулерге қол қойды. Құжатқа сәйкес, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері тікелей сайлау арқылы сайланатын болады.  Мәселен, былтыр 2021 жылы Ынтымақ ауылдық округінде ауыл әкімінің сайлауы өтті.
Ал сервистік модель азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі қолжетімді болуын көздейді. Президент сөзімен айтқанда, «Адамдар емес, деректер жүгіру» керек. Демек, қағаз түріндегі құжаттардан бас тартылып, цифрландыру арқылы сұранысқа ие анықтамалар жойылады. Жалпы, цифрландыру саласында оң өзгерістер байқалады.

Айдос Інкәрбек,
Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппараты ӘЕЖ бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1876
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада6017
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31584
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202314

Серіктестер