Онлайн газет



ТІЛ – ТІРЕГІМ, СОҒЫП ТҰРҒАН ЖҮРЕГІМ

Ана сүтімен бойымызға дарыған тіл-қазақ тілі. Қазақ тілі- халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі десек қателеспейміз.
Елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, патриоттық сезім ұялататын бірден-бір құрал ол әрине-мемлекеттік тіл. Жалпы, бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп те сезіне алмайды десек артық болмас.
Қазақ тілі халық  тарихымен  жасап,  ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Тіл қашан да мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы.
Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, ол азаматтық, патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен тығыз байланысты.
Мемлекеттік тіл – бүкіл қазақстандықтардың тілі, бәрімізге ортақ тіл болу қажет. Сондықтан да «Мемлекеттік тілдің проблемасы – тек қазақ халқының   ғана  проблемасы»-деп немқұрайлы қарауға болмайды. Әлемдегі барлық өркениетті, дамыған елдердегідей еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет істейтіндердің бәрі бұл тілді білуге міндетті деп санаймын.
Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны үйреніп, білуге бейім болуы қажет. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейтуге әрқайсымыз атсалысуымыз керек. Елінің ертеңін, болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағы үшін де қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Ата-ананы қалай қадірлесек, өз ана тілімізді де дәл солай қадірлеп қастерлегеніміз абзал.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру-еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының  бірі болып табылады. Әсіресе, мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметтегі бірлі-жарым кісі ғана емес, барлық қызметші білуге міндетті.
Тіл – халықтың басты құнды­лықтарының бірі. Оны құр­меттеу – қоғамға ортақ міндет саналады. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі заңмен бекітілген құндылық. Олай болса, ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, оны құрметтеуге, қолданыс аясын кеңейтуге үлесімізді қоса берейік дегім келеді.

Баян Байгонысова,
аудандық соттың бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін191
mod_vvisit_counterКеше366
mod_vvisit_counterОсы аптада847
mod_vvisit_counterӨткен аптада2114
mod_vvisit_counterОсы айда1660
mod_vvisit_counterӨткен айда13201
mod_vvisit_counterБәрі1673282

Серіктестер