Онлайн газет



ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМ ТАЗАЛЫҒЫНА ЖАТ

Тәуелсіз елімізде жемқорлықтың алдын алу мен күресу басты міндет болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына  арнаған Жолдауында  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күресудің маңызын атап айтқан еді.
Жалпы бұл iндеттiң  тамырымен жою үшiн оның шығу себептерiне тосқауыл қоюдың маңызы зор. Жемқорлық пен парақорлықтың Құранда харам және күнә iс ретiнде көрсетiлгендіктен, ел қазынасына құйылатын дүниенi жеке басына пайдалану халықтың ақысын

жеген болып саналады.
Парақорлықпен бірлесіп, біріге отырып күрескенде ғана оны  түбегейлі жеңуге болатындығы туралы  “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы - Байзақ аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінде әртүрлі шаралар ұйымдастырылып отырады. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті», «Жемқорлықсыз қазақстандық қоғам», «Парақорлық-қауіпті дерт»  тақырыбында кездесу, дөңгелек үстел, пікіралмасу шаралары өткеріліп, қоғам індетінің зияны туралы кеңінен ақпарат берілуде.
Сыбайлас жемқорлық бүгінгі қоғамның басты дертіне айналды. Бұл індеттің алдын алу үшін халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын ширатудың, сонымен қатар келеңсіз құбылысқа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор деп білеміз.

 

Ерлан Тулебаев,
бас маман.

Обновлено 21.06.2022 11:10
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін193
mod_vvisit_counterКеше366
mod_vvisit_counterОсы аптада849
mod_vvisit_counterӨткен аптада2114
mod_vvisit_counterОсы айда1662
mod_vvisit_counterӨткен айда13201
mod_vvisit_counterБәрі1673284

Серіктестер